Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Менің атым Қожадағы» Жанардың рөлін сомдаған актриса өмірден өтті

Мәдениет
«Менің атым Қожадағы» Жанардың рөлін сомдаған актриса өмірден өтті

ҚР Еңбек сіңірген артисі, Ерен еңбегі үшін және Еңбек ардагері медальдерінің иегері Қажығалиева Күләш Сопқанқызы өмірден өтті. 


ҚР Еңбек сіңірген артисі, Ерен еңбегі үшін және Еңбек ардагері медальдерінің иегері, театрымыздың артисі Қажығалиева Күләш Сопқанқызы өмірден өтті. 1969 жылдан бастап жемісті жұмыс жасаған артист Б.Соқпақбаев "Менің атым Қожа" - Жанар,  "Қызыл сұңқарлар" - Маруар, Иран-Ғайып "Қорқыттың көрі" - Қамқа шеше, Ш.Айтматов "Ыстықкөл трагедиясы" - Кемпір, "Ақ кеме" - Кемпір, С.Балғабаев "Қыз жиырмаға  толғанда" - Ғани,  Ә.Тарази "Жақсы кісі" - Балзия, О.Бөкей "Атау-Кере" - Марфа, "Ауылдан келген ару" - Сәндігүл, С.Балғабаев "Ең алғашқы Жаңа жыл" - әже, А.П.Чехов "Шағала" - Полина Андреевна және т.б. рөлдерді сәтті сомдаған. Өнердің аңыз, театрымыздың абыз анасынан айырылу орны толмас үлкен қайғы. Отбасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз", - делінген қазанамада. 

Айта кетейік, актрисаның жаназасы 13 қыркүйек сағат 10:00-де Розыбакиев көшесі, 70-ші үй, 26-шы пәтерде өтеді. Қонақасы 13.09.24 сағат 13:00-де Ару-Ана мейрамханасы, Төле би көшесі, 191-де болады. 

Фото: instagram.com/musrepov_teatry/

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу