Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мереке Құлкенов Жазушылар одағының төрағасы болды

Мәдениет
Мереке Құлкенов Жазушылар одағының төрағасы болды

Жазушылар одағының құрылтайы осымен тәмам. "Ескі дәстүр" бойынша Жазушылар одағының басқарма мүшелерінің сайлауымен Мереке Құлкенов Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы болып сайланды.  Жазушылар Одағының басшылығына Мереке Құлкенов, Ұлықбек Есдәулет, Ақберен Елгезек, Нұржан Қуантайұлы, Жүсіпбек Қорғасбек, Думан Рамазан, Арман Әлменбет сынды қаламгерлер  ұсынылған еді. 

Нұржан Қуантай - төрағаның бірінші орынбасары,  Бауыржан Жақып - екінші орынбасары, Қасымхан Бегманов - үшінші орынбасары. Ғалым Қалибек - төртінші орынбасары,  Бейбіт Сарыбай - бесінші орынбасары болып сайланды. 

Құрылтайда жария түрде кім басқарма төрағалығына кандидат екені де айтылмады. Мереке Құлкеновтің төраға болатыны туралы кешелі бері айтыла бастаған.  Бұл құрылтай басқа құрылтайлардан қарағанда ең тыныш өткен жиын болып есте қалды. 

Мереке Құлкенов бүгінге дейін Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 72 жастағы "қарт"  қаламгер үлкен одақтың тізгінін қолға алды. 
Бұрынғылардан қалған дәстүр бойынша жазушылар одағын әр жүз басқарып келеді, келесі кезек кіші  жүзде. 
  
Айта кетейік, 2018 жылдан бастап осы уақытқа дейін Жазушылар одағын ақын Ұлықбек Есдәулет басқарған болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу