Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мұғалімнен ақша бопсалаған: Шымкентте блогер ұсталды

Оқиға
Мұғалімнен ақша бопсалаған: Шымкентте блогер ұсталды

Шымкентте полицейлер мектеп мұғалімінен ақша бопсалады деген күдікпен жергілікті блогерді ұстады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі ПД-ға сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, ер адам педагогтен беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты жария етпеу үшін 1,2 миллион теңге талап еткен. Алдын ала деректер бойынша, күдікті жәбірленушіге қысым көрсету үшін өзінің медиа мәртебесін пайдаланған.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция кез келген бопсалау және қорқыту әрекеттері – әлеуметтік мәртебесіне не қолданатын платформасына қарамастан – қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

"Азаматтарды қандай да бір қорқыту әрекеттеріне көнбеуге және осындай жағдайлар болған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырамыз", – деді полиция өкілдері.

Фото: Видео кадры

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу