Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мұратхан Тоқмәди мерзімінен бұрын бостандыққа шығатын болды

Қоғам
Мұратхан Тоқмәди мерзімінен бұрын бостандыққа шығатын болды

Алматы облыстық соты сотталған Мұратхан Тоқмадидің өтініші қанағаттандырылғанын хабарлады, деп хабарлайды Malim.kz.

Сот сотталған Мұратхан Тоқмәдидің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырған.

Мұхтар Әблязовтың банкир Ержан Тәтішевті өлтіруін ұйымдастыру туралы ісі бойынша сот талқылауы Таразда 2018 жылғы 24 қазанда басталған еді. Іс материалдарына сәйкес, Тәтішев "ТұранӘлем" банкі АҚ басқарма төрағасы ретінде 2004 жылдың желтоқсанында аң аулап жүрген жерінде қаза тапқан. Ол кезде оның өлімі жазатайым оқиға деп танылды. Тергеу мәліметтері бойынша, кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди қолында ұстаған мылтық көлікті шайқалғанда кездейсоқ атылып кеткен. 2007 жылы Тоқмәди аң аулау кезінде Ержан Тәтішевке абайсызда өлтірді деген айыппен бір жылға бас бостандығынан айырылып, бірден рақымшылықпен босатылды.

Алайда 2017 жылы Мұратхан Тоқмәди 2004 жылы Тәтішевтің өлімі жазатайым оқиға емес, Мұхтар Әблязовтың өтініші бойынша жасаған, тапсырыспен кісі өлтіру екенін мойындады.

Әбіләзовтың өзі бұған дейін қылмыстық қоғамдастық құрғаны және оған басшылық жасағаны, БТА Банкінің ақшалай қаражатын ұрлағаны және оларды заңдастырғаны, банк ақшасын заңсыз пайдаланғаны және өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылған болатын. Ол сырттай 20 жылға бас бостандығынан айырылған.

2018 жылдың наурызында Тоқмәди адам өлтірді деген айыппен он жарым жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Фото: Хабар агенттігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу