Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Назарбаев туыстарына қатты ренжіген! Маған сөз келтіріп жатсыңдар, қанша рет ескерттім! (ВИДЕО)

Қоғам
Назарбаев туыстарына қатты ренжіген! Маған сөз келтіріп жатсыңдар, қанша рет ескерттім! (ВИДЕО)
Azattyq Rýhy коллажы

Назарбаевтар отбасына жақын танымал дінтанушы әрі қоғам қайраткері Бейбіт Сапаралы "Sadaq" медиа агенттігінің "Дүрбі" жобасына берген сұхбатында елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстарына айтқан ренішін баяндады, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, Назарбаев 2014-2015 жылдардан бастап-ақ туыстарына және айналасына нақты ескерту жасаған.

"Нұрсұлтан Назарбаев өзінің айналасына, туыстарына 2014-2015 жылдан бастап: "Ештеңеге араласпаңдар, ештеңеге бармаңдар, біреудің бір нәрсесін тартып алмаңдар, әлімжеттік жасамаңдар. Біздің атағымызды пайдаланып, бір нәрсе істемеңдер" деп қатты айта бастады. Мынау COVID-тен кейін біраз уақыт өтті ғой. Болат Назарбаевтың әйелі қайтыс болды. Басқа нәрселер болды. Бөкеңнің өзі ол кезде ауырып жүрді. Сол кезде куә болғандардан бір естігенім… Ол жерде Елбасының өзі болған. Інісі Болат, қарындасы Әнипа, сосын Самат болған. Қайрат Сатыбалды ол кезде түрмеде еді. Сол кезде ол кісі (Нұрсұлтан Назарбаев – ред.) қатты өкпелеп, іште жиналып қалған ренішін айтты деп естідім. "Сендер мынадай нәрсені бүйттіңдер, мына жерде осындай ақау жібердіңдер. Маған сөз келтіріп жатсыңдар. Маған жақсылық жасаудың орнына, сөз келтіріп жатсыңдар. Мен қанша рет ескерттім?" деп, ол кісі қатты-қатты ашуланған екен", – деді Бейбіт Сапаралы.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу