Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Нұрлан Ермекбаев ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне тағайындалды

Саясат
Нұрлан Ермекбаев ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне тағайындалды

Қазақстанның өкілі Нұрлан Ермекбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2025-2027 жылдарға арналған бас хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Нұрлан Ермекбаев 1963 жылы Шымкентте дүниеге келген. Мәскеу инженерлік-химиялық институтын, Мәскеу қаласындағы КСРО Қорғаныс министрлігінің Әскери Қызыл Ту орденді институтын бітірген;

Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында сырттай оқыған.

Осы жылдар ішінде ол сыртқы экономикалық ұйымдарда, соның ішінде шетелде жұмыс істеді:

"Юнитэк ЛТД" бас директоры;

Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшілігінің кеңесшісі;

Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы уақытша сенімді өкілі;

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі;

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары;

Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі;

Қазақстанның Дін істері және азаматтық қоғам министрі;

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы;

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.

Қазірге дейін ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарды.

Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу