Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.
Нұрлан Сауранбаев 1967 жылғы 20 мамырда дүниеге келген. 1991 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Саяси экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын кәсіпкерлік саласында бастаған. Кейін теміржол және мұнай-газ салаларындағы ұлттық компанияларда жұмыс істеді. Әр жылдары Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, Қорғаныс министрінің орынбасары, Шымкент қаласының әкімі қызметтерін атқарған. Сондай-ақ Президент Әкімшілігінде мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімін басқарды.
Нұрлан Сауранбаев бұған дейін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.