Бұл туралы malim.kz BBC News басылымына сүйеніп хабарлайды.
Alphabet компаниясының (Google-дің иесі) жетекшісі Синдар Пичаи нарықтағы жасанды интеллект айналасындағы "көпіршік" бір күні жарыла ма деп қауіптенеді. Оның ойынша, жасанды интеллект технологиялары айналасында әлдебір қисынсыз нәрселер бар. Оның үстіне, ЖИ-дің қателесуі, энергия шығыны мен еңбек нарығына әсері де басты проблемалар екеніне нұсқаған.
Соңғыф уақыттары Alphabet акциялары екі есе қымбаттап, компанияның капитализациясы 3.5 трлн долларға бағаланып отыр. Дегенмен, компания басшысы бұл саланың айналасындағы шудан қауіптенетінін жеткізді.