Алматыда 7 жасар қыз жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты: жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды

Алматыда 7 жасар қызды жаяу жүргіншілер өткелінде қағып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды

Сұлу Бөлек

  • 03.04.2025

Алматыда 7 жасар қызды жаяу жүргіншілер өткелінде қағып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті мәлімдеді.

"ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес, жүк көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаменті өкілдері.

Кеше Қарасу шағынауданында жүк көлігі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 7 жасар қызды қағып кетті, ол оқиға орнында көз жұмды. Оқиға орнынан түсірілген қорқынышты кадрлар әлеуметтік желілерде тарады.

Полицияның мәліметінше, Renault жүк көлігінің жүргізушісі Бурундайская көшесімен батыс бағытта қозғалып келе жатып, Новая көшесімен қиылыста баланы қағып кеткен. Қыз оқиға орнында қаза тапқан. Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Алматы ПД тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Фото: Видеодан алынған кадр 

Байланысты жаналықтар

Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметінен кетеді

23.05.2025

Олжас Бектенов Алматы тау кластері аумағын тікұшақпен аралап көрді

23.05.2025

Алматыда балаларға арналған бірқатар шара өтті

22.05.2025

Дженнифер Лопес Алматыға келеді

21.05.2025

Алматыда университет жатақханасы бизнеске жалға берілген

21.05.2025

Жантүршігерлік жол апатынан 6 шетелдік қаза тапты

20.05.2025
MalimBlocks
Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметінен кетеді

Олжас Бектенов Алматы тау кластері аумағын тікұшақпен аралап көрді

Алматыда балаларға арналған бірқатар шара өтті

Дженнифер Лопес Алматыға келеді

Алматыда университет жатақханасы бизнеске жалға берілген

Жантүршігерлік жол апатынан 6 шетелдік қаза тапты