457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматыда Сайран көлінде 18 жастағы жігіт суға батып кетті

Алматыдағы Сайран көлінде 25 маусым кешкісін 18 жастағы жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, суда екі адам болған. Бірі өздігінен жағаға шыққан, ал екіншісі кейіннен өлі күйінде табылған.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға туралы хабар Ауэзов ауданының полиция басқармасының кезекші бөліміне сағат 17:22-де түскен. Куәгерлердің айтуынша, көлдің батыс жағалауында мәйіт жатқан. Оқиға орны дереу қоршалып, тергеу-жедел тобы мен кезекші прокурор барған.

«Оқиға фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында полиция мен құтқарушылар жұмыс істеуде, қажетті шаралар қабылданып жатыр», – деп мәлімдеді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Фото: Алматы әкімдігі