Әуежайда кепілге алынған әйелдің құтқарушысымен түскен суреті пайда болды

Қазір Ботагөздің жағдайы жақсы, кішкентай қызы бар

Malim Админ

  • 09.03.2025

Алматы халықаралық әуежайында кепілге алынған қыз әлеуметтік желідегі жеке парақшасында өзінің құтқарушысымен түскен суретін жариялады. Бұл туралы Qaz365.kz-ке сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.  

«Менің құтқарушым! Екінші рет дүниеге келгеніме Мұса ағам себепкер», – деп жазды ол суреттің астына.  

Qaz365.kz тілшісі осы жағдайға байланысты бейбіт күннің батыры Мұса Әбдірайым  хабарласып, пікірлескен.   

Оқиға болғаннан кейін келесі күні қыздың әкесі маған қоңырау шалды. Ол маған осындай қауіпті жағдайда қызымды құтқарғаным үшін алғыс айтып, үйіне қонаққа шақырды. Мен өзім құтқарған қыздың жағдайын білуді өз міндетім деп санап, әкесінің шақыруын қабыл алдым. Мені жақсы қарсы алды, қазір Ботагөздің жағдайы жақсы, кішкентай қызы бар екен», - деді Мұса Әбдірайым.

Айта кетейік, 7 наурызда Алматы әуежайында белгісіз ер адам әйелді кепілге алмақ болып, пышақпен қорқытқан. Сол маңдағы бейтаныс адам қаскүнемді әңгімеге айналдыра отырып, сәті келгенде қолынан пышақты жұлып алған. Ол неліктен мұндай әрекетке барғаны әзірге белгісіз.

Одан кейін Президент Алматы әуежайында қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен Мұса Әбдірайымды «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.   

Фото: әлеуметтік желіден   

Байланысты жаналықтар

Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

16.04.2025

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

16.04.2025

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

15.04.2025

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

15.04.2025

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

15.04.2025

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

15.04.2025
MalimBlocks
Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде болған оқиғаға қатысты Ішкі істер органдары қылмыстық істі тергеп жатыр

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

Желіде Алатау ауданындағы "Алатау" сауда орталығы маңында қою түтін бейнеленген видео тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, Самғау шағынауданында қойма өртеніп жатыр

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

Ақсуда пансионат қызметкері​​​​​​​ қарияларға қатыгездік көрсеткен

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

Оқиға 14 сәуірде «Жансая» базарының маңындағы теміржол өткелінде болған

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

Алматыда полицейлер саябақтағы оқыс оқиғаға қатысты тексеріс бастады