Шымкентте ер адам анасын өлтіріп, денесін өртеп жіберген

Арман Қайыпхан

  • 13.01.2025

Шымкентте ер адам өз анасын бауыздап өлтіріп, денесін өртеп жіберген, деп хабарлайды Malim.kz Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, оқиға 12 қаңтар түнгі сағат 02:50 шамасында жеке үйлердің бірінде болған. Жаға ұстатарлық жайттың кезінде үйге кіріп барған маңайлас көршілер алдымен отты байқапты. Айтуларынша үйдің егесін іздемек болған оларды баласы қуып шыққан. Жан түршігерлік жайдың куәсі болғандар 1994 жылғы ер адамның психикалық ауытқуы бар болуы да мүмкін дейді. Бірақ бұл отбасында бұрын-соңды жанжал болғанын немесе күдіктінің теріс қылықтарын ешкім байқамапты.

Бәріміз қосылып итердік қақпаны. Ашып жібергенімізде бала от жақта жүрді бірінші. Бізді көрді де бізге қарай атылып жүгірді. Времянкаларына кірмедік, есігі ашық тұрған, басымызды сұғып, «апа, апа» деп іздеп қарасақ, сүйретілген қан, қабырғаның бәрі қан, біз айғайладық та қаштық. Сосын баласы бізді қуалады, дейді куәгер.

Қысымым көтеріліп, дәріханадан келе жатқанбыз. Үйде өрт болып жатқанын көрдік. Басқа да көршілер тұрды. Қақпаны ашып көрдік. Ол бізді де қуды, қолында бірнәрсе болды, сонынмен бізді ұрғысы келді. Біз қаштық, қатты қорықтық. Анасын өлтірген адамнан бәрін күтуге болады», — деді тағы бір куә.

Күдіктіден қашқан куәгерлер бірден полиция шақырған. Тәртіп сақшылары ер адамды ұстап, қамауға алған. Оқиға орнында мәйіттің өртенген қалдықтары табылған.

12 қаңтар түнгі уақытта полицияға зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар өрт туралы хабарлама түсті. Оқиға орнынан әйел адамның мәйіті табылды. Жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Алдын ала деректер бойынша, қылмыс отбасылық жанжал нәтижесінде орын алған, деп мәлімдеді Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі.

Жантүршігерлік оқиға бойынша ҚР ҚК 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Елімізде нәресте мен ана өлімі азайған

16.04.2025

Шымкент және Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезді

13.04.2025

Маңғыстау облысында жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

13.04.2025

11 млн теңге тұратын мүлік. Екібастұзда қарақшылар күзет мекемесіне басып кірген

11.04.2025

Тоқаев Шымкентке барды

11.04.2025

Тағы бір қайырымдылық қорының басшысы ұсталды

10.04.2025
MalimBlocks
Елімізде нәресте мен ана өлімі азайған

Былтыр 367 мың әйел сәтті босанған, ал пренаталды скринингпен қамту көрсеткіші - 90 пайыз

Шымкент және Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезді

Маңғыстау облысында жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

Маңғыстау облысында 17 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

11 млн теңге тұратын мүлік. Екібастұзда қарақшылар күзет мекемесіне басып кірген

Тоқаев Шымкентке барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласына барды

Тағы бір қайырымдылық қорының басшысы ұсталды