Зақымданған ұшақ Ақтөбеден Алматыға кешігіп ұшты

Airbus A321 ұшағын сүйрету кезінде шассидің тұмсық тірегіндегі бекітпе зақымданған

Malim Админ

  • 19.08.2024

Ақтөбеден Алматыға шыққан ұшақтан ақау шығып, салдарынан кешігіп ұшқан. Осыған байланысты Air Astana әуе компаниясы түсініктеме берді.

«16 тамызда Airbus A321 ұшағын сүйрету кезінде шассидің тұмсық тірегіндегі бекітпе зақымданған. Ақтөбе-Алматы бағыты бойынша КС866 рейсі алдымен 17 тамызға дейін кешіктіріліп, кейін тоқтатылды. Жолаушыларға билет құнын айыппұлсыз қайтару ұсынылды», - делінген ақпаратта.

Ұшақты жөндеу үшін жолаушыларды қалдырып Астанаға жеткізу туралы шешім қабылданған. Алайда, елорда әуежайының түнгі уақытта жабылуына байланысты әуекомпания рейсті 19 тамызға қалдыруға мәжбүр болған.

«Ақтөбеде ұшақтың зақымдануы басқа да ондаған рейстердің кешігуіне әкелді», - деп хабарлады әуе компаниясы.

Фото: Baq.kz  

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

15.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды