Алматыда қазақша мәзір сұрағандарды кафеден қуып шыққан

Алматы қаласы Алмалы ауданындағы кафеде қазақша мәзір сұраған қонақтарды жеке күзет шақыртып қуып шыққан.

  • 06.02.2023

Құқық қорғаушы, Алмалы аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі  Халида Ажигулова Facebook  парақшасында осындай жазба жариялады.

Оның айтуынша, кеше кешкілік кафеге (нақты қай кафеге екенін жазбайды-ред.) келген Қазақстан азаматтары қазақ тіліндегі мәзір сұраған. Алайда, қазақ тілінде жазылған мәзір онда болмаған.

«Қонақтар әкімшілікке қазақ тілінде қызмет көрсетпеуі  құқық бұзу екенін айта бастағанда, әкімшілік өкілі оларды  «фашист, нацисты» деп балағаттап, кафеден қуып шықпақ болды. Қонақтар шығуға асықпады, қайта қызмет көрсетілуін күтті. Оларға қызмет көрсетудің орнына кафе әкімшілігі жеке күзет компаниясын шақырды. Камуфляждағы екі ер азамат келіп, асынған автоматтарын кезеніп, қонақтардың кетуін талап етті. Автоматты қыздарды қорқыту үшін тағып алған-ау. Адам құқығының осылай тапталғанына айтарға сөзім жоқ. Алдымен, тілдік кемсітуге барады, сосын, қарулы күзетшімен қорқытады», - деп жазады құқық қорғаушы Халида Ажигулова.

Аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі  Халида Ажигулова  болған жағдайды дереу Алмалы ауданының әкімі Ержан Сейтеновке жеткізіпті. Алайда, кафеге айыппұл салу қалалық әкімдіктің құзырындағы іс болып шыққан.

Дегенмен, аудандық әкімдіктің өкілдері кафе қожайынымен сөйлесіп, қателіктерін түсіндірген.

Құқық қорғаушы Халида Ажигулова  көпшілік тамақтанатын орындарда қазақ тілінде мәзірдің болуы заң талабы екенін, қонақтарды қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткен үшін тілдік кемсітуге салып, «фашист» және «нацист» деп балағаттауға болмайтынын жазады. Ондай сорақы жағдай бола қалса,  Алматы қаласының әкімдігі не е-өтініш түсіруге кеңес береді.

(басты бетте көрнекі фото)

Оқи отырыңыз: Диас Ахметов: «Садақ атуды футболдың деңгейіне шығарамыз!»

Байланысты жаналықтар

Қазақша мәзір сұрағандарды "фашист" деп айыптаған дәмхана басшылығы кешірім сұрады

07.02.2023

Чего стоит молчание Аймагамбетова о точечной застройке?

19.08.2022

Казахстан – рай для агрессоров. Почему в детсадах избивают детей, объяснила эксперт

11.04.2022
MalimBlocks
Қазақша мәзір сұрағандарды "фашист" деп айыптаған дәмхана басшылығы кешірім сұрады

Қазақша мәзір сұраған қонақтарына қызмет көрсетпей, жеке күзет шақырған. Фашист, нацист деп балағаттаған.

Чего стоит молчание Аймагамбетова о точечной застройке?

Закрытость принятия решений в сфере образования то и дело ввергает казахстанское общество в шок. Например, о новых СНиПах возведения школ граждане узнали только когда строящиеся школы компании BI Group в столице выросли до пяти этажей, а площади территории ранее построенных государственных школ сократились за счет возведенных пристроек, которые, впрочем, всё равно проблему перегруженности школ в полной мере не решают.

Казахстан – рай для агрессоров. Почему в детсадах избивают детей, объяснила эксперт

Шокирующие истории о насилии в детских садах то и дело сотрясают информационное поле. Обычно придаются огласке только вопиющие факты, как недавняя история в столице, когда в соцсетях распространили кадры с избиениями детей с инвалидностью. О том, почему в Казахстане все еще не решили проблему насилия в отношении малышей окончательно, мы поговорили с национальным координатором образовательного проекта Street Law Kazakhstan по правам человека и защите детей от насилия, буллинга и кибербуллинга Халидой Ажигуловой.