«Болашақ» бағдарламасының бізге қажеті жоқ – депутат

Мәжілісмен бұған өз дәлелдерін де келтірген.

Сабина Асқарқызы

  • 05.06.2024

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова «Болашақ» бағдарламасы қажет емес деп отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Мен «Болашақ» бағдарламасы өзіне жүктелген міндетті орындамайтынын бұған дейін де айтқанмын. Оның құндылығына күмән келтіруге талай себеп бар. Біздің халықтың ақшасына оқып алып, қашып кеткен қыздың кесірінен басқа бойжеткендердің зардап шеккені бұл сөзіме тағы бір дәлел. Енді кепіл болған сол қыздар әлгі қашып кеткеннің ақшасын төлеуі тиіс, - дейді депутат.

Ол бұл «Болашақ» бағдарламасымен оқып жатқан өзге адамдарға да тән екенін алға тартты. Ол шетелде біліп алып, елге оралғандардың мәселесіне де тоқталды. Білім алуына 100 мың доллар қаражат бөлінген түлектер елге оралғанда төменгі сатыда жұмыс істеп, басшылық бәсекелестіктен қорқып олардың лауазымын көтермей жүрген талай жайт барын да еске салды.

Бағдарламаның еш қатысы жоқ. Түрлі кәсіпорындарда болдым, кәсіпте, өндірісте жұмыс істеп жүрген «Болашақтың» бір түлегін көрген емеспін. Олар басқа орындарда, гуманитарлық салаларда жұмыс істейді. Оқып алды, өз қалағанына қол жеткізді, бірақ мемлекет ешқандай пайда көрген жоқ. Мен бұл бағдарлама қажет емес деп санаймын. Шетелде онсыз да ақысыз гранттар көп. Оқысы келген адам өз есебінен оқысын. Біздің елді жайына қалдырсын, - деді Ирина Смирнова.

Депутаттың айтуынша, бұл қаражатты тиімді жұмсаудың басқа да жолдары бар. Ол одан да құлайын деп тұрған және әжетханасы далада орналасқан мектептерге ақша бөлінсін дегенді айтады.

Бізге білімді өз елімізде дамыту керек, сырттан әкелудің қажеті жоқ, - деді ол.

Фото: inbusiness.kz

 

Байланысты жаналықтар

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

04.05.2025

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

03.05.2025

Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды

30.04.2025

«Бұл өте қауіпті. Ринат Зайыт министрге МӘМС бойынша мәселелерді тізіп берді

30.04.2025
MalimBlocks
Таразда депутат соққыға жығылды

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды

«Бұл өте қауіпті. Ринат Зайыт министрге МӘМС бойынша мәселелерді тізіп берді