«Дәлелдер бар»: ҰҚК Бишімбаевтың телефонының құпиясөзін аша алмаған

Адвокат телефонда «аса қатігездікпен адам өлтіру» мен «азаптау» туралы айыптарды жоққа шығаратын дәлелдер бар екенін жеткізді.

Malim Админ

  • 22.04.2024

Бүгін Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның інісі Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысы жалғасты. Қорғаушы тараптың адвокаты Ерлан Ғазымжанов Қуандық Бишімбаевтың телефонының құпия кодын судьяға беруге қарсы екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz

Ол телефонда «аса қатігездікпен адам өлтіру» мен «азаптау» туралы айыптарды жоққа шығаратын дәлелдер бар екенін жеткізді.

Ұялы телефон заттай дәлел ретінде танылды. Сотқа дейінгі тергеу барысында ҚР ҰҚК бесінші қызметінің 12-ші департаменті телефонға зерттеу жүргізді. Телефонда 6 таңбалы код пароль орнатылған әрі код-парольді қолда бар техникалық құралдармен айналып өту мүмкін болмады деген қорытынды берілді, - деді судья Айжан Құлбаева сот отырысында.

Бұған дейін Бишімбаев телефонының құпиясөзін тек қорғаушыларына ғана айтамын деп судьяға қарсы шыққан еді.

Сот телефонды Бишімбаевтың өзі ашып берейін десе, оған мүмкіндік бермей отыр. Біз телефонды соттың қолына берсек, оның ішіндегі материалдар өзгеріп кете ме деп қауіптенеміз. Осыған байланысты Қуандық Бишімбаев телефонын өзі ашып берсін, соған рұқсат беруіңізді сұраймыз. Материалдар зерттелген соң біз сотқа құпия сөзін айта аламыз, - деді адвокат.

Судья Ғазымжановтың өтінішін қанағаттандырмады.

Фото: Жоғарғы сот

Байланысты жаналықтар

"Шерзатты құтқаруға болар еді". Бишімбаев сотында танылған сарапшы куәлік берді

23.05.2025

Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы туысына қарсы сотта жеңіп шықты

23.05.2025

Президент ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

23.05.2025

Уайымдама! Сөйлесіп қойғанмын: Шерзат сотындағы диалог қызу талқыға түсті

22.05.2025

Тараз құрылыс бөлімінің басшысы 4 жылға сотталды

22.05.2025

Куәгерден ақша бопсалаған тергеушілер сотталды

21.05.2025
MalimBlocks
"Шерзатты құтқаруға болар еді". Бишімбаев сотында танылған сарапшы куәлік берді

Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы туысына қарсы сотта жеңіп шықты

Президент ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Уайымдама! Сөйлесіп қойғанмын: Шерзат сотындағы диалог қызу талқыға түсті

Тараз құрылыс бөлімінің басшысы 4 жылға сотталды

Куәгерден ақша бопсалаған тергеушілер сотталды