«Қар аралас жаңбыр жауады»: Синоптиктер ескерту жасады

«Қазгидромет» Астанада және 14 облыста дауыл болатынын мәлімдеді.

Malim Админ

  • 08.04.2024

9 сәуірде Астанада және Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz

«Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, Астанада түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Ақмола облысында түнде жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Жезқазғанда күндіз жаңбыр жауады, батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі.

Қарағанды облысында жаңбыр жауады, күндіз облыстың солтүстігінде де жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман болады. Өңірдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қарағандыда аракідік жаңбыр жауады. Күндіз солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында, шығысында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Найзағай кезінде батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігіне, батысына, солтүстіктен оңтүстікке ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Семейде күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыс соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Ақтөбеде күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15 м/с.

Күндіз Қостанай облысында жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Қостанайда түнде тұман түседі деп күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, күндіз жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түсуі ықтималдылығы жоғары. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде батыстан, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Петропавлда күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с болады.

Түнде Жамбыл облысының батысында, таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Таразда күндіз қатты жаңбыр жауады. Аракідік найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Павлодар облысында жаңбыр жауады, түнде облыстың солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Павлодарда жаңбыр жауады деп күтіледі. 

Күндіз-түні Шығыс Қазақстан облысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түсу ықтималдылығы жоғары. 9 сәуірде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса 15-20 м/с  жылдамдықпен жел соғады. Өскеменде күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-18 м/с.

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде аракідік жаңбыр жауады, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жауыы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Алматыда түстен кейін қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады деп күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды. Қонаевта күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с, кей тсұта 25 м/с дейін жетеді.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Астанада автобус отқа оранды

21.11.2024

Астана мен Алматыда бет-әлпетті танитын бейнекамералар іске қосылды

21.11.2024

20-қарашаға арналған ауа райы болжамы

19.11.2024

Алаяқ полицейлер ұсталды

18.11.2024

Астана 4 бала көз жұмған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

17.11.2024

Астанада екі қабатты үйде өрт шығып, 4 бала көз жұмды

17.11.2024
MalimBlocks
Астанада автобус отқа оранды

Өрттің себебі анықталуда

Астана мен Алматыда бет-әлпетті танитын бейнекамералар іске қосылды

Іздеуде жүрген адамдарды тануға, құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеуге мүмкіндік береді

20-қарашаға арналған ауа райы болжамы

Алаяқ полицейлер ұсталды

«Қамқорлығы» үшін ай сайын 1,5 млн теңге алып отырған

Астана 4 бала көз жұмған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

Үй шатыры өрнетіп, шатыр құлаған

Астанада екі қабатты үйде өрт шығып, 4 бала көз жұмды

Өрт 500 шаршы метр жерді шарпыған