Қазақстан халқының нақты саны жарияланды

Арман Қайыпхан

  • 11.11.2024

Ұлттық статистика бюросы бүгін Қазақстандағы 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығындағы демографиялық жағдайға қатысты цифрларды жария қылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша,2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша халық саны 20 223 218адамды құрады, оның ішінде:

• қала тұрғындары – 12 704 977,

• ауыл тұрғындары – 7 518 241 адам.

Тоғыз айда халықтың жалпы өсімі 189 376 адамды құрады.

2024 жылдың 9 айында Қазақстанда 278,7 мың бала дүниеге келді, қайтыс болғандар саны – 99,5 мың адам.

Осылайша, халықтың табиғи өсімі 179,2 мың адамды құрады, - деп жазды Ұлттық статистика бюросы.

Туудың ең жоғары деңгейі Түркістан облысында (1000 тұрғынға 25,04 адам), Маңғыстау облысында (24,84) және Шымкент қаласында (23,68) байқалды.

Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан облысында (1000 тұрғынға 11,52), Шығыс Қазақстан облысында (11,32) және Қостанай облысында (10,12) байқалды, бұл осы облыстар халқының жас құрылымына байланысты.

Сонымен қатар, алғашқы жарты жылдың ішінде 95 мың неке қиылып, 29,3 мың ажырасу тіркелді.

2024 жылғы қантар-қыркүйекте елге келгендер саны 20 383 адамды, елден кеткендер саны 10 201 адамды құрады. Көші-қон айырымы – 10 182 адам, - деп жазылған Ұлттық статистика бюросының мәліметінде.

2023 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 6,5%-ға өсті, Қазақстаннан кеткендер саны 19,9%-ға азайды.

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүреді. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 79,7%, ал бұл елдерге кеткендердің үлесі 76,9% құрады, - деп жазылған Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

Ел ішіндегі көші-қон 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 47,4% өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде халық көші-қонының оң айырымы қалыптасты:

• Астана (52853 адам),

• Алматы (26157 адам),

• Шымкент (5948 адам),

• Алматы обласында (765 адам).

Байланысты жаналықтар

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

16.04.2025

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025
MalimBlocks
Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты