Қазақстан халықаралық орыс тілі ұйымына 131 млн теңге бөледі

Ұйымның штаб-пәтері Сочиде болады.

Сабина Асқарқызы

  • 21.11.2024

Сенат депутаты Андрей Лукин халықаралық орыс тілі ұйымын құру туралы шартты іске асыру үшін республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлінетінін айтты. Бұл туралы ол сенаттың жалпы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл бағытта 2025-2027 жылдарға арналған бюджет шығыстарының жалпы сомасы 131 064 000 теңгені құрайды. Бұл шығындар республикалық бюджет комиссиясының шешімімен мақұлданған. 

Андрей Лукиннің айтуынша, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан достық, тату көршілік, ұлтаралық келісім, сенім және өзара түсіністік қағидаттары негізінде орыс тілін мемлекетаралық қарым-қатынас тілі және коммуникация құралы ретінде қолдау және ілгерілету үшін орыс тілі ұйымын құрғысы келеді.

Жауапты мемлекеттік орган болып Ғылым және жоғары білім министрлігі бекітілген. 20 қарашада Мәжілісте министр Саясат Нұрбек ұйымды құру үшін бюджеттен жылына 43 млн теңге бөлінетінін айқан еді. 

Қаржыландыру мүшелік жарналар есебінен болады. Ал ұйымның жалпы бюджетінің 8,6% Қазақстанға бекітілген. Бұл шамамен 43 млн теңге. Ұйымның штаб-пәтері Ресейде – Сочиде болады, - деді министр.

Фото: skunb.ru

Байланысты жаналықтар

Ресей консулына қазақтар сөйлейтін орыс тілі ұнамайды

24.08.2023

Бірінші жол: қазақ тілін өлтіру керек

25.12.2020

"Орыстар маған орысша сөйле деген емес"

29.10.2020

"Ташимова қазақша білмегені үшін таяқ жемепті"

29.10.2020

Украина орыс тіліндегі сабақтарды тоқтатты

15.03.2020
MalimBlocks
Ресей консулына қазақтар сөйлейтін орыс тілі ұнамайды

Ресейдің бас консулы Евгений Бобров Қазақстанда орыс тілінің мәртебесі туралы пікірін білдіріпті.

Бірінші жол: қазақ тілін өлтіру керек

"Орыстар маған орысша сөйле деген емес"

"Ташимова қазақша білмегені үшін таяқ жемепті"

Украина орыс тіліндегі сабақтарды тоқтатты