Қоғам белсендісі Макс Боқай Нұрбанк басшылығына келуі мүмкін

Арман Қайыпхан

  • 01.11.2024

Мұндай ұсыныс миноритарлық акционерден келіп түсті, деп хабарлайды Malim.kz BES.media сайтына сілтеме жасап.

Қоғам белсендісі Макс Боқай жақын арада Нұрбанктің Директорлар кеңесіне мүше болуға ұсынылады. Бұл акционерлердің жалпы жиналысында талқыланбақ.

Айта кетейік, Макс Боқай 2016 жылы жер митингілерін ұйымдастырушы ретінде танымал болған қоғам белсендісі. Митингілер Жер кодексіне енгізілген жаңа түзетулерге қарсы ұйымдастырылған еді. 

Акционерлердің жалпы жиналысы 2024 жылғы 8 қарашаға жоспарланған.

Банктің қазіргі Директорлар кеңесінің төрағасы - Раушан Ержанов. Ол 2010 жылдан бастап Банктің ДК құрамына кіреді.

Осы тұста Сарсеновтар отбасы JP Finance Group арқылы Нұрбанктің 86,4% акцияларына иелік ететінін де айта кетейік. 

Ақпаратқа қатысты Нұрбанк мәлімдеме жасап, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды. 

"2024 жылғы 08 Қарашада "Нұрбанк" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жиналысы өтеді. Жиналыстың күн тәртібі Банктің ресми сайтында "Акционерлер" бөлімінде жарияланған және Директорлар кеңесінің сандық құрамын айқындау және басқару органының мүшелерін тағайындау туралы мәселелерді қамтиды. Қазіргі уақытта "Нұрбанк" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы - Ержанова Раушан Зейноллақызы, ал Эльдар Сәрсенов - Банктің мажоритарлы акционері. "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңға сәйкес миноритарлық акционер тәуелсіз директор – Директорлар кеңесінің мүшесі кандидатурасын ұсынуға құқылы. Директорлар кеңесінің құрамы туралы шешім акционерлердің көпшілік даусымен қабылданады", - деп мәлімдеді банк.

Фото: azh.kz

Байланысты жаналықтар

Танымал әнші анасының 5 жаста тастап кеткенін мәлімдеді

28.11.2024

Дүркіретіп той жасаған Әсел Сәдуақасова күйеуімен ажырасып кетті

28.11.2024

Шымкенттік 39 жастағы әйел оныншы баласын дүниеге әкелді

13.11.2024

Қоғам белсендісі Серікжан Біләш саясаттан кететінін айтты

08.11.2024

Маңғыстауда 11 баланың анасы Tik-Tok-тағы видеосы үшін сотталды

08.11.2024

«5-6 бала туып тастайды»: Танымал психолог әйелдердің жыл сайын бала туатынына қарсы шықты

05.11.2024
MalimBlocks
Танымал әнші анасының 5 жаста тастап кеткенін мәлімдеді

Өнер иесі іс-түссіз жоғалып кеткен анасын ағасы әлі күнге дейін іздеп жүргенін айтады

Дүркіретіп той жасаған Әсел Сәдуақасова күйеуімен ажырасып кетті

Актриса күйеуімен отбасы ретінде өмір сүре алмайтынын түсінгенін айтады

Шымкенттік 39 жастағы әйел оныншы баласын дүниеге әкелді

Көпбалалы келіншек 19 жасында тұрмысқа шыққан

Қоғам белсендісі Серікжан Біләш саясаттан кететінін айтты

Ол әлеуметтік желіде бейнежазба жариялады

Маңғыстауда 11 баланың анасы Tik-Tok-тағы видеосы үшін сотталды

Әйелге 3 жыл бойы әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынды

«5-6 бала туып тастайды»: Танымал психолог әйелдердің жыл сайын бала туатынына қарсы шықты

Ол тек 3 бала туу керегін айтады