Салтанат Нүкенованың өлімін тіркеген дәрігер сотта жауап беріп жатыр

Куәгердің айтуынша, жедел жәрдемге хабарлама 19:55-те түскен. Мамандар оқиға орнына 8 минутта жеткен.

Malim Админ

  • 08.04.2024

Астана сотында Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша куәгерлерден жалап алу жалғасып жатыр. 8 сәуірде Астана қаласы көшпелі бригада дәрігері Нұрлан Мұхамбеденов сот залына келіп, тараптардың сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Куәгердің айтуынша, жедел жәрдемге хабарлама 19:55-те түскен. Мамандар оқиға орнына 8 минутта жеткен.

Мейрамханаға келген кезде бізді ер адам сыртта күтіп алып, 2-этажға ертіп әкелді. Ол ер адам – сотталушы Байжанов. Біз сөйлескен жоқпыз, VIP залды көрсетті. Кірсек, жалаңаш әйел диван үстінде жатыр екен, үстін көрпемен жауып қойған. Бірден қарауға кірістік. Еденге жатқызып, реанимация әрекетін жасай бастадық. Екі ер адам сөйлесіп тұрды, шығуын сұрадым. Ол екеуі – Бишімбаев пен Байжанов, - дейді куәгер.

Айтуынша, көмекшісіне аппаратты қосуды сұраған. Сол уақытта Нүкенованың ес-түссіз тыныс алмай жатқанын анықтаған. Маман әйелдің бетін де көрпемен жауып қойғанын айтты.

Ал залдың іші шашылып жатқан, шарап бөтелкесін көрген.

Не себеп болғанын, яғни анамнезді сұрадым, бірақ маған айтпады. Байжанов 8 қарашада сол жерде ішімдік ішілгенін айтты. Бишімбаев шығып кетті, дәлізде айғайлап жүрді. Ішке кіріп, «тірі ма?» деп сұрады. Шығуын сұрадым. Содан кейін Байжановқа жедел жәрдем келгенше қайтыс болғанын түсіндірдім, - деді көшпелі бригада дәрігері.

Айта кетейік, 2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынды. Артынша оның туысы Бақытжан Байжанов та қамалды.

Фото: Жоғарғы сот

Байланысты жаналықтар

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025
MalimBlocks
Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды