Шымкентте жеке сот орындаушы жарты миллионнан астам теңгені өз шотына аударып алған

Ол ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. 

Malim Админ

  • 05.06.2024

Шымкентте жеке сот орындаушы берешекті өтеуге арналған 556 953 теңгені өз шотына аударып алған, деп хабарлайды Malim.kz.

Қалалық прокуратура мәліметінше, сот шешімімен борышкер талапкерге 1 млн 275 мың теңге төлеуге міндетті болған. Бұл сома борышкердің айлық жалақысынан ай сайын өндіріліп, жеке сот орындаушының есеп шотына аударылып отырған.

Алайда ол ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. 

Аталған факті бойынша жеке сот орындаушының үстінен Қылмыстық кодекстің 251-бабы 1-бөлігімен (Жекеше нотариустардың, бағалаушылардың, жеке сот орындаушыларының, медиаторлардың және аудиторлық ұйым құрамында жұмыс iстейтiн аудиторлардың өкiлеттiктердi терiс пайдалануы) іс қозғалды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде тараптардың татуласуына байланысты іс тоқтатылған. 

Жосықсыз жеке сот орындаушысы республикалық жеке сот орындаушылар палатасының мүшелігінен шығарылды, - деді қалалық прокуратура.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Шымкентте дәстүрге айналған Дәмдәсtour өтті

31.03.2025

Қазақстан футболындағы дау: 3 млрд теңге қайда жұмсалды?

27.03.2025

Жемқорлардан қайтарылған ақшаға медициналық нысандар салынады

25.03.2025

Шымкентте итті көлікпен сүйреген жүргізуші жауапқа тартылды

23.03.2025

Шымкентте «Наурызнама» мерекелік іс-шарасы гала концертпен жалғасты

22.03.2025

2025 жылы қанша адам банкрот деп танылды?

21.03.2025
MalimBlocks
Шымкентте дәстүрге айналған Дәмдәсtour өтті

Шымкентте дәстүрге айналған Дәмдәсtour фестивалі өтті

Қазақстан футболындағы дау: 3 млрд теңге қайда жұмсалды?

Бас прокуратура Қазақстан футболында бұрынғы федерация басшылығы кезінде жасалған бұзушылықтарды анықтады

Жемқорлардан қайтарылған ақшаға медициналық нысандар салынады

Қайтарылған активтер есебінен Ақмола облысының 10 ауылында жаңа медициналық нысан салынады

Шымкентте итті көлікпен сүйреген жүргізуші жауапқа тартылды

Шымкент тұрғыны итін көлігіне шынжырмен байлап, көше аралаған. Үй жануарына аса қатыгездік танытқан жүргізушінің әрекеті әлеуметтік желіде тарап кетті

Шымкентте «Наурызнама» мерекелік іс-шарасы гала концертпен жалғасты

2025 жылы қанша адам банкрот деп танылды?

Жыл басынан бері 2 мыңнан астам қазақстандық банкрот деп танылды