«Жағдайы ауыр»: Министр әскерден мүгедек болып оралған сарбазға қатысты пікір білдірді

Ақмарал Әлназарова ДСМ барлық көмекті көрсетуге дайын екендігін айтты

Сабина Асқарқызы

  • 02.09.2024

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова сарбаз әскердегі қызмет кезінде басынан жарақат алған Ербаян Мұхтардың жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрдің сөзінше, әскери қызметшінің әлі де жағдайы ауыр.

Науқастың жағдайын бақылаудамыз. Қажетті көмектің бәрін көрсетуге дайынбыз. Оның жағдайы әлі де ауыр. Біздің тараптан медициналық қызметшілердің қосымша көмегі қажет болса, оны беруге дайынбыз, - деді Әлназарова.

Тілшілер министрге Ербаян ауруханадан шыққан соң қажетті көмек, тіпті жеке басына арналған гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілмегенін алға тартты. Тиісінше ата-анасы өздері қарауға мәжүр.

Жөргектермен қамтамасыз ету мәселесі Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың құзырына кіреді, - деді Ақмарал Әлназарова.

Фото: alash.kz

Байланысты жаналықтар

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Трамп АҚШ-тың әскери бюджетін 1 триллион долларға дейін арттырмақ

02.05.2025

Әскер рейтингі: Өзбекстан Қазақстанды басып озды

30.04.2025

Енді жұмыссыз азаматтар да МӘМС жүйесіне қосылады

30.04.2025

Министр әскерде соққы алған Ербаян Мұхтардың жағдайын айтты

29.04.2025

Емханаға түскен Берденовтің денсаулығы қалай? Министр жауап берді

29.04.2025
MalimBlocks
Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Трамп АҚШ-тың әскери бюджетін 1 триллион долларға дейін арттырмақ

Әскер рейтингі: Өзбекстан Қазақстанды басып озды

Енді жұмыссыз азаматтар да МӘМС жүйесіне қосылады

2026 жылдан бастап 1 миллионнан астам қазақстандық тегін көмекпен қамтылады

Министр әскерде соққы алған Ербаян Мұхтардың жағдайын айтты

Емханаға түскен Берденовтің денсаулығы қалай? Министр жауап берді