Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Оралда 16 шенеунік құмар ойындарға қатысқаны үшін қызметінен босатылды

Қоғам
Оралда 16 шенеунік құмар ойындарға қатысқаны үшін қызметінен босатылды

2024 жылдың 9 қыркүйегінен бастап мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде онлайн форматта, құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзу болып танылатыны белгілі. Осыған байланысты Орал қаласының прокуратурасы осы талаптардың орындалуына талдау жүргізіп, нәтижесінде 24 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 16 адам қызметінен босатылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұлар – Орал қаласы әкімдігі, мемлекеттік кірістер басқармасы мен полиция департаментінің қызметкерлері. Мысалы, «OLIMPBET» деректері бойынша әкімдік қызметкерлерінің бірі 2021 жылғы 5 маусымнан бастап 2025 жылғы 22 қаңтарға дейін өзінің ойын шотына 34 миллион теңгеден астам қаржы салған. Заң күшіне енгеннен кейін ол тағы 1,7 миллион теңге енгізіп, оның 971 мың теңгесін ұтылып қалған. Осыған байланысты бұл қызметкер жұмыстан босатылды.

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу