Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Өзбекстан президенті өзіне жала жапқандарға жаза тағайындады

Аналитика
Өзбекстан президенті өзіне жала жапқандарға жаза тағайындады

Өзбекстанда президентке интернет немесе телекоммуникация жүйесінде жала жапқан немесе қорлағандарға қылмыстық жаза тағайындалды. Бұл хабарды Nuz.kz сайты таратты.

Ел президенті Шавкат Мирзиеев елдің Қылмыстық кодексіне енген толықтыруға қол қойып та үлгерген.

Сонымен, Өзбекстанның жаңа толықтырылған қылмыстық кодексі бойынша, ел президентіне қатысты интернетте артық сөз айтқандар 3 жылға дейін мәжбүрлі түзету жұмысына шегілмек немесе 2 жылдан 5 жылға бас бостандығы шектелмек. Тіпті болмаса, 5 жыл бас бостандығынан айырылмақ.

Бір айта кетерлігі президентке жала жабу не қаралау жазасы бұрын да болған. Бірақ, ол бұқаралық ақпарат құралдарына ғана қатысты еді. Енді міне, өзбекбашыға қатысты интернетте де артық гәпіруге болмайды.  

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР: Ташкентті жүгіріп өткенде

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу