Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Павлодарда оңалту орталығының басшысы мүгедектерден тегін қызмет үшін ақша алған

Оқиға
Павлодарда оңалту орталығының басшысы мүгедектерден тегін қызмет үшін ақша алған

Павлодардағы мүгедек балаларға арналған оңалту орталығында алаяқтық схемасы әшкере болды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Павлодар прокуратурасы жергілікті бюджеттен қаржы алатын оңалту орталықтарының бірінің басшылығы заңсыздыққа барғанын анықтады. Орталық мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсеткені үшін ақы алған.

"Орталық басшысы жалған шарттар жасасқаны анықталды, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушылар ұзақ уақыт бойы орталыққа бюджет қаражаты есебінен көзделген қызмет үшін ақы төлеген. Бүгінде кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне жалпы сомасы 7,6 млн теңге көлемінде зиян келтірілген", - деп жазылған хабарламада.

Алаяқтық дерегі бойынша Павлодардың полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады.

Тергеу жүргізіліп жатыр. 

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу