Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Перизат Қайрат ісіне блогерлердің қатысы бар ма? Қаржы мониторингі агенттігі

Оқиға
Перизат Қайрат ісіне блогерлердің қатысы бар ма? Қаржы мониторингі агенттігі

Ақша жымқырды деген күдікке ілінген қайырымдылық қорының басшысы Перизат Қайраттың ісіне блогерлердің қатысы бар ма? Бұл сұраққа Қаржы мониторингі агенттігі жауап берді. 


Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде су тасқыны кезінде жиналған қаражатты жымқыру ісіне миллиондаған оқырманы бар блогерлердің де қатысы бар болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Өйткені блогерлер, танымал адамдар видеолар түсіріп, қазақстандықтарды Перизат Қайрат бастаған қорға өз үлесін қосуға шақырған еді.

ҚМА-ның ресми жауабында еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайратқа қатысты іс бойынша соталды тергеу жалғасып жатқаны айтылды.

"Қаржы мониторингі органдарының өндірісінде блогерлер немесе су тасқыны кезінде қаражат жинаған басқа ұйымдастырушыларға қатысты соталды тергеулер жоқ", - деп нақтылады агенттік.

Айта кетейік, Перизат Қайрат - Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының төрайымы, Қазақстандағы белсенді еріктілер қозғалысының жетекшісі ретінде танымал. Ол су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету, Газа секторындағы гуманитарлық миссиялар және басқа да қайырымдылық шараларымен айналысып, қоғамда беделге ие болды.

14 қарашада Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайрат 1,5 миллиардты жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады.

Фото: Перизат Кайрат/Instagram

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу