freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Перизат Қайрат мерзімінен бұрын босап шығуы мүмкін

Қоғам
Перизат Қайрат мерзімінен бұрын босап шығуы мүмкін
nstagram.com/01pk

Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, сот үкімімен белгіленген жазаның заңда көзделген бөлігін өтеген жағдайда Перизат Қайрат шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға үміткер бола алады, деп хабарлайды Malim.kz.

Мұндай жағдайда түзеу мекемесі сотталған адамға шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығы туындағаны туралы 5 күн ішінде хабарлауға міндетті. Сондай-ақ сотталған тұлға жазаның қалған бөлігін жеңілірек жаза түріне ауыстыру жөнінде өтініш беруге құқылы.

Өтініш берілген жағдайда түзеу мекемесінің әкімшілігі сотқа сотталушының жеке ісін, мінездемесін, еңбекке және тәртіпке көзқарасын сипаттайтын құжаттарды жолдайды.

Сот шешім қабылдау кезінде бірнеше факторды ескереді. Атап айтқанда, сотталғанның тәртібі, көтермелеулерінің болуы, мекеме берген мінездеме және келтірілген залалды өтеу деңгейі назарға алынады.

Еске салайық, 2024 жылдың қарашасында Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқыру ісі бойынша қамауға алынған болатын. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, қаражаттың бір бөлігі элиталық жылжымайтын мүлікке, автокөлікке және шетелдік сапарларға жұмсалған.

Сот үкімімен Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылса, оның анасы 7 жыл мерзімге сотталған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу