Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Перизат Қайрат мүгедек балаларды пайдаланып қайырымдылық ұйымдастырған – ҚМА

Қоғам
Перизат Қайрат мүгедек балаларды пайдаланып қайырымдылық ұйымдастырған – ҚМА

Biz Birgemiz қорының бұрынғы басшысы Перизат Қайрат тағы бір іс бойынша алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Malim.kz. 

2025 жылдың 23 қаңтарында Перизат Қайратқа қатысты мүгедек-балаларға арналған оңалту орталығын салуға ақша жинау алаяқтығы бойынша сотқа дейінгі жаңадан тергеу тіркелді.

П.Қайрат 2021 жылдың қараша айында Ақмола облысында «Батыр» қоғамдық бірлестігіне оңалту орталығын салу үшін ақша жинау мақсатында қайырымдылық аукционын ұйымдастырған. Жұрттың сенімін арттыру үшін оңалту орталығына мұқтаж мүгедек-балалар мен олардың ата-аналарын іс-шараға тартқан.П.Қайрат тарапынан таратылған жалған деректер бойынша 48 миллион теңге жиналып, құны 100 миллион теңге ғимарат сыйға тартылған. Алайда, аукцион кезінде шын мәнінде 22 миллион теңге түскен, осы ақшаны ол өзінің жеке қажетіне жаратқан.Сонымен қатар, П.Қайрат «Батыр» қоғамдық бірлестігі үшін құны 30 миллион теңге жер телімін сатып алғанын мәлімдеген, алайда бұл участокты 2019 жылы бірлестік өзі сатып алған,  - делінген ҚМА хабарламасында.

Оңалту орталығының құрылысы әлі басталмаған қалпында тұр.Орталықтың қажеттілігіне берілді деген ғимарат мүлдем жоқ болып шықты.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.

Фото: 01pk/Instagram

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу