Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Перизат Қайраттың анасы да күдікті деп танылды

Қоғам
Перизат Қайраттың анасы да күдікті деп танылды

Перизат Қайраттың әрекеттерінен келген түпкілікті шығын сомасы анықталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің айтуынша, тергеу барысында шығын мөлшері 3,5 миллиард теңге деп белгіленді. Қылмыстық іс аяқталып, қазіргі уақытта іс материалдарымен танысу кезеңі жүріп жатыр.

Ал күдіктінің мүлкіне қатысты шешімді сот шығарады.

Елемесовтің мәлімдеуінше, Перизат Қайратпен қатар оның анасы да күдікті деп танылған. Ол үйқамақта отыр. 

Айта кетейік, Перизат Қайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек ретінде және Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін жиналған 1,7 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінген.

Фото: instagram.com/01pk

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу