Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі журналистерге алаңдаушылық білдірді

Саясат
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі журналистерге алаңдаушылық білдірді

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм Алматы қаласында    брифинг өткізіп,  қысым көрген  журналистерге алаңдаушылық білдірді. 

«Біз соңғы кезде тәуелсіз журналистерге қарсы жасалып жатқан шабуылдарға алаңдаймыз. Сондықтан, журналистерге  қолдау білдіреміз. Әрбір оқиға толық тергеліп, бұл құқық бұзушылықтарға кінәлі адамдар жауапқа тартылуы керек. Осы орайда, біз Президент Тоқаевтың "толық тергеу жасау қажет" деген бүгінгі мәлімдемесін құптаймыз»,- деді АҚШ елшісі.

Сонымен қатар, Д.Розенблюм «Қоғамы ашық, әрі белсенді, ал үкімет халық алдында есеп беретін жаңа Қазақстанды құруда сөз бостандығы мен еркін бұқаралық ақпарат құралдарының алар орны зор. Біз Қазақстанның осы мақсаттарға жетудегі күш-жігерін қолдайтынымызды тағы да қайталаймыз»,- деді. 

Кейінгі кездері Қазақстанда журналистерге қысым жасау әрекеттері көбейді. Жақында журналист Вадим Борейконың пәтерінің есігіне белгісіз біреулер желім жағып кеткен. 13 қаңтарда журналист Динара Егеубаеваның көлігі өртелді. Сондай-ақ, Elmedia.kz, Orda.kz, UlysMedia.kz сайттарына шабуыл жасалды.    

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу