Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Арыстанбек Мұхамедиұлы тағы бір ай қамауда болады

Саясат
Арыстанбек Мұхамедиұлы тағы бір ай қамауда болады

Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы тағы бір ай қамауда болады

«2022 жылғы 18 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұхамедиұлы Арыстанбекке қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты», - делінген қалалық соттың хабарламасында.

Еске салсақ, биыл 29 мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамалды. 

Антикор ұлттық музейдің бұрынғы басшысына «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген айып тақты.

Кейін еліміздің Ішкі істер министрлігі Арыстанбек Мұхамедиұлының «суицид әрекетіне» қатысты түсініктеме берген еді.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу