Миллиардердің активтеріне қойылған шектеу қалай алынды?
Англия сотымен Болат Өтемұратовтың активтеріне қойылған шектеу алынды. Бұл туралы «Верный Капитал» компаниялар тобының баспасөз қызметі хабарлады.
Болат Өтемұратов пен БТА банк өкілдері арасындағы келіссөз нәтижесінде банк арызын қайтарып алған. Ақырында ағылшын сотының Өтемұратов активтеріне салған шектеу алынды.
БТА банктың Болат Өтемұратовқа қарсы арызының қайтарылуына Мұхтар Әблязов пен сыбайластары ақша жымқыру ісіне Өтемұратовтың ешқандай қатысы жоғы туралы құжаттар негіз болған.
«Құжаттар келіссөзге дейін көрсетілді. Екі жақ та БТА банк ақшасын қайтаруға негіз болатын құжаттары болса, алмасуға келісті» делінген «Верный Капитал» таратқан ақпаратта.
Бұл шешімге қатысты кәсіпкердің өзі де пікір білдірген. «Мен ағылшын сотының санкцияларды алғанына және БТА банк арызын қайтарып алғанына ризамын. Біздің заңгерлер тобы қысқа уақытта менің ешқандай қатысым жоқтығын растайтын бар құжатты көрсетті. Біздің компаниялардың жұмысы ашық көрсетілетінін айтқым келді. Біз заңды құрметтейміз және корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелеріне сүйенеміз», - деген Болат Өтемұратов.
Естеріңізге сала кетейік, 7 желтоқсан күні Болат Өтемұратовтың атынан компаниялар тобының қызметкерлеріне хат тараған болатын. Онда Өтемұратов өзіне мүлкіне ағылшын сотының салған санкцияларына қатысты пікірін айтқан.
Олигарх бұл істі репутациясына кедергі келтіріп, бизнесіне залал тигізбек болғандардың әрекеті деп түсіндірген. Хаттың растығын «Верный Капитал» компаниялар тобының баспасөз қызметі растаған еді.
https://malim.kz/10001/