Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы қызметінен кетті

Malim Админ

  • 28.04.2021

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы өкілетін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткізіп берді. Өкілетті қабылдап алған Тоқаев бұрынғы президентке "ассамблеяның құрметті төрағасы" болуды ұсынды. Н.Назарбаев бұл ұсынысты қабыл алды.

Бүгін Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясында Н.Назарбаев былай деді:" 30 жыл жұмыс істеп 2019 жылдың 19 наурызында президент өкілеттілігін тоқтаттым. Бұл жеткілікті мерзім, ел басшылығы ауысып, жаңа адамдар келіп, жаңа мақсат-міндет қоюы керек деп есептедім. Билікті ауыстыру мәселесі 2019 жылы конституциялық жолмен шешілді. Өзім жақсы білетін, көп жыл бойы менімен бірге жұмыс істеген адамды таңдадым. Бүгін осымен тоқтап қалмай, ары қарай жылжығым келеді. Бұл да мен үшін маңызды қадам, өйткені 1995 жылдан бері Қазақстан халқы ассамблеясы басында болдым, үлкен жолды жүріп өттім".

Н.Назарбаев "Ұлт көшбасшысы" мен ассамблея туралы заңға сәйкес, Қазақстан халқы ассамблеясын өмір бойы басқара алады. Бірақ бүгінгі сессияда Н.Назарбаев бұл өкілеттілікті Қ.Тоқаевқа берді. Онысын "барлық мәселе бір қолда болуы керек" деп түсіндірді.

"Мемлекет басшысы да ассамблеяға сүйенеді. Барлық мәселе бір қолда болуы керек. Сондықтан ассамблеяны басқару құқығын президент Қасым-Жомарт Тоқаев беремін деп шештім", - деді Н.Назарбаев.

Алайда Н.Назарбаев ассамблеямен жұмысты жалғастыра беретінін айтты.

Ал ассамблея төрағасы өкілетін қабылдап алған Тоқаев экс-президентке Қазақстан халқы ассамблеясының құрметті төрағасы мәртебесін ұсынды.  Назарбаев бұл ұсынысты қабыл алыды.

Фото:elbasy.kz

Байланысты жаналықтар

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

13.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады

09.05.2025
MalimBlocks
Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады