Назарбаевқа қатысты сөз қысқарып, ақша көбейді – Тоқаевтың тағы бір жарлығы
2016 жылы Назарбаевтың өзі өзгерткен жарлықты Тоқаев қайта түзетіп жатыр

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиядан экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты сөздер алынып тасталмақ. Бұл туралы жоба ашық үкімет порталында жарияланды.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы», - делінген жаңа жобада.
Яғни, бұдан былай бұл стипендияда бұрынғы президентті еске түсіретін «елбасы» сөзі ғана емес, «ҚР президенті» деген сөз де болмайды.
Бұл өзгеріс 2016 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен өзгертілген. Жобадағы мәтінде 2000 жылғы жарлық өзгертілсін делінгенмен, бұл сол жарлықты қалпына келтіру деп айтса да болады. Себебі, бұл стипендияның мәтіні 2016 жылғы өзгеріске дейін "Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы» деп жазылып келген. 2016 жылғы 17 қарашада оған «Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының» деген сөздер қосылған.
Жаңа жарлық бойынша (әлі қол қойылмаған) стипендияның көлемінде де өзгеріс бар. Бұрын «жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 20 еселенген айлық көрсеткіш мөлшерінде» болса, енді 75 стипендия 55 еселенген айлық көрсеткіш болмақ.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылда не жұмыс атқарды?
Биыл Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел президенті ретінде өкілеттілігін атқаруының екінші жылы басталады. Осы орайда әлеуметтанушы Айнұр Бақытжанова президенттің бір жылда атқарған жұмыстарына шолу жасапты. Назарларыңызға ұсынып отырған әлеуметтанушының пікірімен келісу-келіспеу мәртебелі оқырман құзырында.
Тайны дела Бишимбаева
В минувшие выходные специализированный межрайонный следственный суд Астаны санкционировал арест экс-министра нацэкономики Куандыка Бишимбаева, подозреваемого в убийстве собственной жены Салтанат Нукеновой. Пресс-служба горсуда сообщила об этом постфактум. Заседание, несмотря на резонанс, проходило без участия прессы.