Полиция қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шектеу қойды

Билік 4 миллионнан астам құрбан мен 25 мың атылған боздақтарды мансұқ етті

Malim Админ

  • 31.05.2023

«31 мамыр» комитетінің белсенділері мәлімдеме жасады. олар полицияның Алматыда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу акциясын өткізуге рұқсат етпейтінін, үйден шығуға кедергі жасап отырғанын айтты. 

«31 мамыр» комитетінің төрағасы Н.Амреқұловтың айтуынша, Алматы қаласының полиция басқармасы «31 мамыр» ұйымдастыру комитетінің мүшелеріне бірқатар шектеу қойған. Төменде үндеу мәтінін жариялап отырмыз.   

Мәлімдейміз:

1) Бұл біздің конституциялық құқығымыз бен бостандығымызды заңсыз бұзу, ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою, жалпыхалықтық үнсіздік минутын өткізу ниетімізге кедергі жасау!

2) Мұндай шешім қабылдағандарға моральдық және саяси жауапкершіліктің бүкіл ауыртпалығы түседі! Бүкіл әлем тарихында масқара болды.

3) Ашаршылық, қуғын-сүргін және жер аудару құрбандарын еске алуға деген құқығымыздан айыра отырып, билік бүкіл қазақ халқының, барша Қазақстандықтардың рухына іс жүзінде түкірді! Олар ашаршылық кезіндегі 4 миллионнан астам құрбандарды, ату жазасына кесілген 25 мың Алаш Орда мен депортацияның жаппай құрбандарын еске алу сәтін де аяқ асты етті!

4) Билік тактикалық тұрғыдан жеңгенімен, ең маңыздысы – моральдық стратегиялық жағынан жеңіліске ұшырайды! Бұл сәт халық жадында мәңгі сақталады, Қазақстан тарихының барлық оқулықтарына бас әріптермен жазылады.

5) Дүниежүзілік тәжірибемізде көрсетілгендей, халық қандай да бір жолмен өз мақсатына жетеді, өйткені олар көпшілік қауым және заңды биліктің түпкі қайнар көзі!

6) Барлық БАҚ өкілдерін, блогерлерді, барша Қазақстан азаматтарын үндеуімізді халыққа жеткізуге шақырамыз.

7) Ұйымдастыру комитетінің  мүшелерін шектемеуді, еске алу мақсатында үнсіздік сәтін өткізуге, большевиктер озбырлығының құрбандарына құран оқуға және жерлеу рәсімін өткізуге мүмкіндік беруді талап етеміз.

"31 мамыр" ұйымдастыру комитеті   

Төрағасы Н.Амрекулов.

Байланысты жаналықтар

Бангладештегі бүлік: Премьер елден қашып, уақытша үкімет орнады

06.08.2024

Түркия билігі Instagram-ды бұғаттап тастады

02.08.2024

«Ахуал мүшкіл»: Президент билікті сынайтындарға қандай кеңес берді

27.06.2024

ШҚО тұрғындары билікті басып алуды насихаттаған

11.06.2024

Шекара сыртында жүріп, қазақтарды аштықтан арашалаған арыс

03.06.2024

Аштық туралы деректер 2042 жылға дейін ашылмайды

01.06.2024
MalimBlocks
Бангладештегі бүлік: Премьер елден қашып, уақытша үкімет орнады

Бангладеш премьер-министрі Шейх Хасина отставкаға кеткеннен кейін Үндістанға қашып кеткені белгілі болды. Елдегі жаппай бүлік салдарынан жүзден астам адам қаза тапты.

Түркия билігі Instagram-ды бұғаттап тастады

Дегенмен билік оның себебін әзірге айтпады.

«Ахуал мүшкіл»: Президент билікті сынайтындарға қандай кеңес берді

Тоқаев алдамшы жеңістер мен жетістіктерге әуестенудің қаупін де жақсы түсінетінін жеткізді.

ШҚО тұрғындары билікті басып алуды насихаттаған

Олардың облысты Қазақстаннан бөлу мақсатында референдум өткізу қажеттігі туралы сенімдері мен идеяларын білдіргені белгілі болды.

Шекара сыртында жүріп, қазақтарды аштықтан арашалаған арыс

Әскерилерге арналған асхананың сыртында күні бойы нәр татпаған адамдар сарылып күтіп тұратын.

Аштық туралы деректер 2042 жылға дейін ашылмайды

Журналист, тарихшы Сағат Жүсіп біраз уақыттан бері 1920-33 жылдары қазақты қоғадай жапырған ашаршылық нәубетін зерттеп келеді.