Қарастырамыз дей сал. Мәжіліс спикерінің министрге айтқан ақылы

Мәжіліс отырыстары қызықты өтетін болып жүр.

  • 20.10.2022
Фото: dknews.kz

Мәжіліс спикері, «Аманат» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов өзі басқарып отырған партияның ел алдында ғана емес, билік үшін де сүйкімі қалмағанын уайымдамайтын сияқты. Керісінше, жаңа қырын танытып, Мәжіліс отырыстарын көңілді өткізетін болып жүр.

Ол кеше Мәжіліске келген Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевқа бір қызық ақыл айтты. Абаевқа мәжіліс депутаты Әлия Әбсеметова туризм, оның ішінде Балқаш көлінің жағдайы туралы айта келіп, Балқаштағы туризмді дамытуға министрліктен қаржы қарастырылған ба, жоқ па, соны сұраған.

Әбсеметова сөзінің соңын: «Сіздің бұл мәселеден хабарыңыз бар болуға тиіс», - деп аяқтаған.

Соңғы кездері жиі «хит» болып жүрген Абаев сасқан жоқ, күле тұра турасын айтты:

«Жоқ. Өкінішке орай бұл мәселеден хабарым жоқ. Енді, негізінде, проблема жоқ, егер...» - деп келе жатқанда спикер Қошанов ортаға килігіп кетті.

«Қарастырамыз деп айтшы», - деп, өзі де күлді, Абаевты да, залды ду күлдірді. - «Жақсы көретін жауабымыз», - деп, тағы қосты. Қошановтың қазақша ақылынан кейін, қазақ тіліне ауысқан Абаев:

«Жоқ, біз дайынбыз ол жұмысты жүргізуге», - деді.

Мәжіліс спикерінің бұл сөзі бүгінгі Мәжілістегі отырыстардың бәрі спектакль деген қауесетті ресми мойындау сияқты әсер қалдырады. Біріншіден, ол ресми жоғары лауазымды тұлға –Қазақстандағы конситуциялық бестікте үшінші тұрған адам, екіншіден, ол бұл сөзді басқа жерде емес, Мәжіліс залында, депутаттың министрге қойған ресми жауабы талқыланып жатқанда айтты. Демек, үкімет мүшелеріне оңашада бұл ақылды жиі айтуы да мүмкін ғой. Сабаққа дайындалмай келген оқушыға айтарға сөз, қоярға баға таппаған мұғалім секілді, «әйтеуір бірдеңе айта салыңдар», деп, айтып үйренген ауыз, Парламент қабырғасында аңдаусыз айтып қойды.

Мұны Қошановтың Абаевты кекетуі деп қарастыруға да болады. Бірақ, Абаев та, Қошанов та бұрынғы «Нұр Отан», қазіргі «Аманат» партиясының мүшесі, демек, оның мүшесі ретінде министр болып отырған адамның атына келген сөз тікелей партияға да кір келтіреді деген сөз. Әлде, президент Тоқаев төрағалығынан бас тартып, президенттікке кандидат ретіндеұсынған қолын алмай кеткен партияның Қошановқа да қызығы қалмады ма екен...

«Қарастырамыз дей сал» дейтін жүрдім-бардым қарым-қатынасқа құрылған төрағалығы партияны қай жерге дейін жеткізерін өзі білер, Парламент Мәжілісіне әсері бола қоймай деп үміттенейік.

Байланысты жаналықтар

Самат Әбішті бұлтартпау шарасы өзгермеген

30.11.2023

Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылда не жұмыс  атқарды?

23.11.2023

Израиль мен Хамас арасындағы соғыс уақытша тоқтайды

22.11.2023

Танымал саясаткер Аман Төлеев қайтыс болды

20.11.2023

Пpезиденттік жacтap кaдp pезеpві – табысты бастама

15.11.2023

Тайны дела Бишимбаева

13.11.2023
MalimBlocks
Самат Әбішті бұлтартпау шарасы өзгермеген

Ешқайда кетпеу жөніндегі бұлтартпау шарасы өз күшінде

Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылда не жұмыс  атқарды?

Биыл Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел президенті ретінде өкілеттілігін атқаруының екінші жылы басталады.  Осы орайда әлеуметтанушы Айнұр Бақытжанова президенттің бір жылда атқарған жұмыстарына шолу жасапты. Назарларыңызға ұсынып отырған әлеуметтанушының пікірімен келісу-келіспеу  мәртебелі оқырман құзырында. 

Израиль мен Хамас арасындағы соғыс уақытша тоқтайды

Израиль мен ХАМАС бірнеше сағат бойы келіссөз жүргізіп, екі тарап кепілге алынған тұтқындарының бір бөлігін босату және соғысты уақытша тоқтату туралы келісімге келген.

Танымал саясаткер Аман Төлеев қайтыс болды

Ол 80-ге қараған шағында өмірден өтті

Пpезиденттік жacтap кaдp pезеpві – табысты бастама

Тайны дела Бишимбаева

В минувшие выходные специализированный межрайонный следственный суд Астаны санкционировал арест экс-министра нацэкономики Куандыка Бишимбаева, подозреваемого в убийстве собственной жены Салтанат Нукеновой. Пресс-служба горсуда сообщила об этом постфактум. Заседание, несмотря на резонанс, проходило без участия прессы.