Ресми: Сарыжаз мектебіне Алтынбек Сәрсенбайұлының есімі берілді

Мұндай ұсынысты осыдан біраз уақыт бұрын ауылдастары берген.

  • 07.09.2022

Алматы облысы Райымбек ауданы Сарыжаз ауылындағы орта мектепке қоғам қайраткері, белгілі саясаткер, марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының есімі берілді. Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс XXVI  сессиясында осындай шешім қабылданған.

«23 депутаттың 20-сы қатысты. Қарсылық болмады, барлығы бір ауыздан қолдады. Министрлікпен, ономастикалық комиссиямен келісілген. Менің және облыс әкімінің қолы қойылған қаулыны жіберіп жатырмыз», – деп хабарлады облыстық мәслихат хатшысы Дәулет Жарасбаев.

Сарыжаз – Алтынбек Сәрсенбайұлының өскен, оқыған жері. Ол мектепті осы ауылда бітірген.

Биыл көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының туғанына 60 жыл. Осыған орай оның атын ұлықтау мақсатында көпшілік бірнеше бастама көтерген. Соның бірі оның атына мектеп беру мәселесі болатын. Екі күн бұрын Сарыжаз орта мектебіне Сәрсенбайұлының есімі берілетіні айтылған. Бірақ, ол кезде соңғы шешім облыстық мәслихаттың шешіміне байланысты делінген.

Алтынбек Сәрсенбайұлы 1962 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қайнар ауылында туған. Саясаттану ғылымдарының докторы, мемлекеттік қызметте жүріп, оппозициялық саясатқа ауысқан санаулы адамдардың бірі. Ол 2006 жылы ақпан айында қастандықпен өлтірілген. Оның өлімі ел ішінде әлі күнге жұмбағы шешілмеген қаза деп айтылады. Оған қастандық жасалғаны, оның саяси құрбан екенін де құқыққорғаушылар мен белсенділер жиі айтып жүр.

Байланысты жаналықтар

Алматыда Алтынбек Сәрсенбайұлына арналған ғылыми конференция өтті

06.10.2022

Өзгермейтін Конституция. Алтынбек жазған Ата заң

12.09.2022

Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы жүлде шарттары

09.08.2022

Алтынбек Сәрсенбайұлының сотында Бауыржан Мұхамеджановтың берген жауабы

11.02.2021

Алтынбек Сәрсенбайұлының сотында Рашид Түсіпбековтің берген жауабы

11.02.2021

Қоғамды қорлап жатқанда көрмегендей болып қалай үнсіз отырамын?!.(видео)

12.09.2020
MalimBlocks
Алматыда Алтынбек Сәрсенбайұлына арналған ғылыми конференция өтті

Биыл көрнекті саясаткер, оппозициялық қайраткер Алтынбек Сәрсенбайұлының туғанына 60 жыл.

Өзгермейтін Конституция. Алтынбек жазған Ата заң

Бүгін Алтынбек Сәрсенбайұлының туғанына 60 жыл

Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы жүлде шарттары

Мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының туғанына 60 жыл

Алтынбек Сәрсенбайұлының сотында Бауыржан Мұхамеджановтың берген жауабы

Алтынбек Сәрсенбайұлының сотында Рашид Түсіпбековтің берген жауабы

Қоғамды қорлап жатқанда көрмегендей болып қалай үнсіз отырамын?!.(видео)