Тоқаев Ассамблеядағы орынбасарларын ауыстырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары өзгерді.

Ақниет Аманжолқызы

  • 28.04.2022

Президент жарлығымен бұл қызметті бұрын атқарған Майя Төлегенқызы Бекбаева мен Закиржан Пирмухамедович Кузиев қызметтерінен босатылды. Олар бұл қызметке 2020 жылдың 11 қарашасында тағайындалған болатын. Сол кезде оларды қызметке президент Тоқаев тағайындағанымен, бұл ақпаратты Ассамблея отырысында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев жеткізген. Айта кетейік, журналист Майя Бекбаеваның бұл орынға келуі біраз талқыға түскен болатын. Себебі осы қызметке келмес бұрын ол Назарбаевқа "Қазақстан әйелдерінің жүрек соғысын жиілетесіз" деп мадақ айтқан болатын. Ал Закиржан Кузиевке келсек, ол мәжілісте бос тұрған депутаттық мандатты алуға үмітті екі адамның бірі. Бүгін ҚХА атынан мәжіліске депутат болатын адамды таңдау үшін Ассамблея мүшелері арасында сайлау өтуі тиіс. Тұңғыш рет ассамбеля бұл орынға екі адамды ұсынып отыр. Бірі - Кузиев, екіншісі - заңгер Виталий Тварионас.

Олардың орнына Наталья Григорьевна Дементьева мен Тауфик Акрамович Каримов тағайындалды.

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Румыния президенті Никушор Данға құттықтау жеделхатын жолдады

20.05.2025

Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттады

20.05.2025

Тоқаев Мажарстанға барады

19.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

13.05.2025
MalimBlocks
Тоқаев Румыния президенті Никушор Данға құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттады

Тоқаев Мажарстанға барады

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді