Тоқаев​​​​​​​ Еуропалық комиссияның вице-президентімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев​​​​​​​ Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық комиссияның вице-президенті Кая Калласпен кездесті

Сұлу Бөлек

  • 28.03.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық комиссияның вице-президенті Кая Калласпен кездесті, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі.

Кездесуде Қазақстанның Еуропа Одағымен санқырлы ықпалдастығының перспективасы талқыланды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың маңызды бағыттарына, атап айтқанда, энергетика, өнеркәсіп, цифрландыру, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуды көздейтін ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше мән берілді.

Кая Калластың айтуынша, Қазақстан Еуропа Одағымен серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойған аймақтағы алғашқы елдердің бірі. Бұл екіжақты қарым-қатынастың деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Ол Еуропалық комиссия мен Қазақстан арасында виза беру тәртібін жеңілдету жөніндегі келісімді бекіту үдерісі басталғанын мәлімдеді.

Мемлекет басшысы қазақстандықтар аталған жаңалықты өте жылы қабылдағанын атап өтіп, бұл қадам еуропалық елдермен жеке және іскерлік қатынастарды нығайтуға мол мүмкіндік беретінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кая Каллас халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар жөнінде пікір алмасты.

"Мемлекет басшысы жаһандық тұрақсыздықты ескере отырып, әлемде болып жатқан күрделі оқиғаларға баға беруде байыптылық пен жауапкершілік танытудың айрықша маңызға ие екенін айтты. Президенттің пікірінше, Қазақстан барлық өзекті халықаралық мәселелер мен қақтығыстарды дипломатиялық келіссөздер арқылы шешуді берік ұстанады", - делінген хабарламада. 

Кездесуде «Орталық Азия – Еуропа Одағы» форматындағы ықпалдастықтың жай-күйі қаралды.

Фото: Ақорда 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

30.03.2025

Тоқаев пен Ердоған телефон арқылы сөйлесті

30.03.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Ораза айт мерекесімен құттықтады

30.03.2025

Тоқаев Мирзиёевті шығарып салды

29.03.2025

Тоқаев Корея халқына көңіл айтты

28.03.2025

Тоқаев Алматы әкімі Ерболат Досаевты қабылдады

28.03.2025
MalimBlocks
Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Ерболат Досаевқа шаһарды жарықтандыру, пәтерлерге суды уақтылы және толық беру, көшелер мен аулаларды абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Тоқаев пен Ердоған телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Ораза айт мерекесімен құттықтады

Рамазан айында имандылыққа, рухани тазаруға ұмтылған жұртымыз Айт күні ақ дастархан жайып, қонақжайлық көрсетеді

Тоқаев Мирзиёевті шығарып салды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев​​​​​​​тің Қазақстанға жұмыс сапары аяқталды

Тоқаев Корея халқына көңіл айтты

Тоқаев Алматы әкімі Ерболат Досаевты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімі Ерболат Досаевты қабылдады