Тоқаев Алматы әкімі Ерболат Досаевты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімі Ерболат Досаевты қабылдады

Сұлу Бөлек

  • 28.03.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімі Ерболат Досаевты қабылдады, - деп хабарлады Мalim.kz. 

Алматы әкімі биылғы қаңтар-ақпан айларындағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 7 пайызға дейін артқан, жыл қорытындысы бойынша өңірлік жалпы өнім 6,4 пайызға өседі деп болжанып отырғанын айтты. 

Сондай-ақ, жыл соңына дейін құны 450 миллиард теңгеден астам қаражатқа 33 жаңа инвестициялық жоба іске асырылады. Биыл жалпы инвестиция көлемі 2,2 триллион теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артады. 

Ерболат Досаев аулалар, көше-жол желілері мен жасыл аймақтарды кешенді түрде күтіп, баптау үшін үш жылдық келісімшарт тәсілі енгізілгенін айтты. 

Президент бұған дейін шаһардың экологиялық жағдайын жақсарту, жыл соңына дейін қаладағы қоғамдық көліктерді экологиялық талапқа толық сай ету, сондай-ақ Алматының көлік құрылымын қалыптастыру бойынша тапсырма берген болатын. Кездесуде осы жұмыстардың нәтижелері баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ерболат Досаевқа экология мәселесіне ден қойып, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, жыл соңына дейін сапалы сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету міндетін жүктеді. Сондай-ақ Алматының орнықты дамуына қатысты берген тапсырмаларын мұқият орындау қажет екенін айтты.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тоқаев букмекерлік туралы заңға қол қойды

25.04.2025

Қор нарығында теңге нығая түсті

25.04.2025

Алматыда такси жүргізушісіне шабуыл жасаған екі жолаушы жауапқа тартылды

25.04.2025

Досаевпен кездесуде жанжал шығарған әйел «титушка» болып шықты

24.04.2025

Қоқыс қалдығын тастайтын жерге де тазалық керек

24.04.2025

Ассамблея тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналды — Тоқаев

24.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев букмекерлік туралы заңға қол қойды

Қор нарығында теңге нығая түсті

Алматыда такси жүргізушісіне шабуыл жасаған екі жолаушы жауапқа тартылды

Досаевпен кездесуде жанжал шығарған әйел «титушка» болып шықты

Қоқыс қалдығын тастайтын жерге де тазалық керек

Ассамблея тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналды — Тоқаев

Президент Ассамблеяға 2007 жылы конституциялық мәртебе беріліп, ұйым жалпыұлттық бірліктің негізгі моделіне айналғанын айтты