freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қайын жұртын жайратып салған Сәрсемәлиев "Қара бүркітке" жіберілмейтін болды

Қоғам •
Қайын жұртын жайратып салған Сәрсемәлиев "Қара бүркітке" жіберілмейтін болды
Фото: Tengrinews.kz

Атырау облысында төрт адамды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сұлтан Сәрсемалиев 19 қыркүйекте Жезқазғандағы №62 мекемеге жеткізілді, деп Malim.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына⁠ сілтеме жасап хабарлайды. 

Басылымның мәліметінше, Жезқазғанның өнеркәсіптік аймағында орналасқан мекеме қазір өмір бойына сотталғандарды ұстауға бейімделіп жатыр. Бұған дейін аралас қауіпсіздік мекемесі болған колонияда ғимараттарды жөндеу және қайта жабдықтау жұмыстары басталған. Белгілі бір мерзімге сотталғандарды басқа мекемелерге кезең-кезеңімен ауыстыру жоспарланған. 

Сәрсемалиевке қатысты үкім 14 шілдеде шыққан. Сот оны өмір бойына бас бостандығынан айырып, жазасын төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтеуді белгілеген. Ол үкімге шағым түсірмегендіктен, сот шешімі 3 қыркүйекте заңды күшіне енген. 

№62 мекемеде қазір қанша адам отырғаны және оған тағы кімдер жеткізілгені жарияланған жоқ.

 

Төрт адамның өлімі

Іс материалдарына сәйкес, Сұлтан Сәрсемәлиев 2025 жылдың мамырында жалдап тұрған үйінде қайын ағасы Наурыз Мұқанғалиевті пышақтап өлтіріп, мәйітін үй маңына көмген. Жақындары күмәнданбауы үшін біраз уақыт Наурыздың атынан хабарламалар жіберіп отырған.

Сол жылдың қазанында ол Жангелдин ауылындағы бұрынғы қайын атасы мен енесін өз үйлерінде пышақтап өлтірген. Екеуінің мәйітін шамамен 1 метр 30 сантиметр тереңдікте қазылған шұңқырға көмген.

Бұдан кейін бұрынғы әйелі Ақбаян мен оның әпкесі Мейрамгүл Қарабалинаны ертіп Атырауға барған. Қалада Мейрамгүлді де пышақтап өлтіріп, мәйітін Наурыз жерленген жерге көмген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу