freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі қызметінен босатылды

Саясат •
Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі қызметінен босатылды
Дәурен Қосанов. Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Дәурен Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Malim.kz.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі лауазымынан босатылды", – делінген жарлық мәтінінде.

Дәурен Қосанов кім?

Дәурен Жұматайұлы Қосанов 1969 жылғы 14 қазанда Павлодар облысы Краснокут ауданының Новотроицкое ауылында дүниеге келген.

1990 жылы Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін, 2005 жылы Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын тәмамдаған. 2013 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірген.

Әскери қызметін Үшаралдағы истребительдік полкте ұшқыш ретінде бастаған. Кейін Талдықорған және Шымкент қалаларындағы авиабазаларды басқарды.

Әр жылдары Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы және Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының бастығы қызметтерін атқарған.

2022 жылғы желтоқсаннан 2024 жылғы қыркүйекке дейін Қарулы Күштердің Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болды.

2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы маусымға дейін Қорғаныс министрінің орынбасары – Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметін атқарды.

2025 жылғы 8 маусымда Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалған.

Дәурен Қосанов – авиация генерал-лейтенанты. I және II дәрежелі "Даңқ", II дәрежелі "Айбын" ордендерімен, "Жауынгерлік ерлігі үшін" және бірқатар мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу