28 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады? Астана, Алматы, Шымкент және басқа қалалардағы температура, жаңбыр, найзағай және жел болжамы.
28 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа температурасы төмендеп, күзгі салқын анық сезіле бастайды. Елдің солтүстігі мен орталығында күн салқындаса, оңтүстік пен батыста жылы ауа райы сақталады. Кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, желдің екпіні 20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz.
Астанада күн айтарлықтай салқындайды. Түнде топырақ бетінде үсік болуы ықтимал, ал күндіз ауа температурасы небәрі +11…+13°C шамасында болады. Жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғады.
Алматыда күздің жылы күні сақталады. Күндіз сынап бағанасы +21…+23°C көрсетеді. Қонаев пен Талдықорғанда да ауа температурасы +21…+23°C болады.
Батыс өңірлерде күн одан да жылы. Ақтау мен Атырауда ауа +23…+25°C-қа дейін қызады. Оралда +17…+19°C, Ақтөбеде +16…+18°C күтіледі.
Оңтүстік Қазақстанда ауа температурасы салыстырмалы түрде жоғары болғанымен, ауа райы құбылмалы болады. Таразда +21…+23°C, Түркістан мен Шымкентте +20…+22°C шамасында болады. Шымкентте жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Қызылордада күндіз ауа температурасы +22…+24°C болады. Жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғып, кей уақытта екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Найзағай ойнап, жаңбыр жаууы ықтимал.
Орталық және солтүстік аймақтарда күзгі салқын басым болады. Қарағандыда +10…+12°C, Көкшетауда +12…+14°C, Павлодарда +12…+14°C, Петропавлда +14…+16°C, Қостанайда +15…+17°C болжанып отыр.
Семейде күндіз +11…+13°C болып, жел екпіні кей сәтте 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін. Өскеменде +15…+17°C, Жезқазғанда +17…+19°C шамасында болады.
Еске сала кетейік, 27 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде күн салқындап, оңтүстік аймақтарда жел күшейіп, найзағай ойнаған еді.