freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Қыз-қырқынмен көп жүрдім": Алмат Сақатов жеке өмірі туралы құпия шындықты айтты

Қоғам •
"Қыз-қырқынмен көп жүрдім": Алмат Сақатов жеке өмірі туралы құпия шындықты айтты
Алмат Сақатов. Фото: ашық дереккөзден (Фото ЖИ арқылы өңделген)

Актер Алмат Сақатов сұхбаттарының бірінде танымал бола бастаған кезеңіндегі өмірі туралы ашық айтты. Оның сөзінше, сол уақытта өзін "сері" сезініп, отбасы алдындағы жауапкершілікті кейде екінші орынға қойған, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі жастық шағында өзге қыздармен араласқан кездері болғанын жасырмады. Сондай-ақ сол әрекеттері жарының көңіліне тигенін де мойындаған.

Актердің айтуынша, кейбір жағдайларда өз қателігіне терең мән бермей, мәселеге жеңіл қараған кездері болған. Алайда осы уақытқа дейін жұбайына арнайы барып кешірім сұрамағанын айтып, мұны өзінің мінезімен байланыстырған.

Алмат Сақатовтың бұл әңгімесі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Бірқатар оқырман актердің жеке өміріне қатысты мұндай тақырыптарды көпшілік алдында айтуын сынға алды.

"Болашақ ұрпаққа дұрыс тәрбие керек", "Ұят-ай, оттаған әңгіме", "Танымал адам былай сөйлегені дұрыс емес. Төсек жөнінде басқаша айтсаң да болады ғой", "Масқара, берген жауабын қара. Ұяттан жұрдай, өзінше бөсініп отырған түрін қара", "Осыны жұртқа айту керек пе?" – деді көпшілік.

Алмат Сақатов жоғары қызметке ие болғаннан кейін мінезі өзгеріп, айналасына тәкаппарлық таныта бастайтын адамдар туралы пікір білдірген еді.

Алмат Сақатов кім?

Алмат Сақатов – қазақстандық театр және кино актері, әзіл-сықақ жанрында танылған өнер иесі. Ол Шығыс Қазақстан өңіріндегі бұрынғы Марқакөл ауданының тумасы. Әкесі – белгілі режиссер, актер әрі "Тамаша" театрының негізін қалаушылардың бірі Марат Сақатов. 

Алмат Сақатов өнер жолында "Бауыржан шоу" театрының құрамында ұзақ жыл қызмет етіп, эстрадалық әзіл жанрында кеңінен танылды. Кейін кино және телехикаяларға түсіп, түрлі драмалық және комедиялық рөлдерді сомдады. 

Ол бір кезеңде "Таңшолпан" бағдарламасының жүргізушісі ретінде де көрерменге танылған. Кейін жеке шығармашылықпен айналысып, актерлер дайындайтын әзіл студиясын ашқан. 

Алмат Сақатов отбасылы. Жұбайымен 30 жылдан астам уақыт бірге тұрып келеді, ұл-қыз тәрбиелеп, немере сүйген. Өнер иесі сұхбаттарында отбасы, сахна, әкесі және шығармашылық жолы туралы жиі әңгімелейді. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу