freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкент тұрғыны қаралы күн туралы айтқан сөзі үшін 10 тәулікке қамалды

Қоғам •
Шымкент тұрғыны қаралы күн туралы айтқан сөзі үшін 10 тәулікке қамалды
Фото: ЖИ арқылы жасалған

Шымкентте TikTok-тағы тікелей эфирде қаралы күнге қатысты пікір білдірген 21 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Malim.kz. 

ІІМ мәліметінше, полиция әлеуметтік желілерді бақылау кезінде аталған эфирді анықтаған. Көрермендердің бірі қаралы күн туралы сұрағанда, Нұрахмет Бердібай қаза тапқан жас сарбаздарға қатысты "Біз үшін өліп пе?" деп жауап берген.

Эфирге 22 жастағы Абзал Мусурманқұл мен Бақдәулет Мұстафа да қатысқан.

Сот Нұрахмет Бердібайды 10 тәулікке әкімшілік қамауға алды. Сондай-ақ үш азаматтың әрқайсына қоғамдық тәртіпке қайшы әрекетке жол бермеу туралы ресми ескерту жасалып, олар бір айға профилактикалық есепке қойылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу