freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлытау медицинасы: елорда тәжірибесі – өңірге жаңа мүмкіндіктер

MALIMet •
Ұлытау медицинасы: елорда тәжірибесі – өңірге жаңа мүмкіндіктер

Ұлытау облысының денсаулық сақтау саласының өкілдері Астана қаласындағы жетекші медициналық ұйымдарға жұмыс сапарымен барып, озық тәжірибелерді зерделеу және тиімді шешімдерді өңірде енгізу бағытында тәжірибе алмасты, деп хабарлайды Malim.kz. 


Делегация құрамында Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Нысанбаев, ҰОДБ басшысының орвнбасары Даурен Жакеев, Сәтбаев қаласының емханасы директоры Махаббат Ембергенова, "Қарлығаш" санаторийінің директоры Тимур Коробейников, Жезқазған қаласының облыстық көпбейінді ауруханасы онкология бөлімшесінің меңгерушісі Кәмәліддін Өмірзах болды.



Жұмыс сапары барысында делегация:

▪ Астана қаласының №2 ауруханасының;
▪ Балалар қалалық көпбейінді ауруханасының;
▪ Көпбейінді медициналық орталықтың (онкология);
▪ жедел медициналық жәрдем станциясының;
▪ №4 және №5 емханалардың жұмысымен танысты.

Кездесулер кезінде медициналық көмекті заманауи ұйымдастыру, цифрлық және басқарушылық шешімдер, бейінді бөлімшелердің жұмысы, салааралық өзара іс-қимыл, диагностика мен емдеудің заманауи тәсілдері және медициналық көмектің сапасын арттыру мәселелері талқыланды.

Ұлытау облысының мамандары үшін бұл сапар – елорданың озық тәжірибесімен танысып қана қоймай, өңірдің медициналық ұйымдарында қолдануға болатын тиімді шешімдерді анықтауға мүмкіндік беретін маңызды алаң.
Тәжірибе алмасу – медициналық көмектің сапасына салынған инвестиция.

Кәсіби ынтымақтастықты нығайту, үздік тәжірибелерді енгізу және медициналық қызмет көрсету үдерістерін үнемі жетілдіру – Ұлытау облысының денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытудың маңызды бағыттарының бірі.
Заманауи медицина – үйренуге, дамуға және үздік шешімдерді енгізуге деген ұмтылыстан басталады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу