freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Өз балам сияқты атақты болып кеткен жоқ": Гүлзира Айдарбекова келіні туралы жан сырын ақтарды

Қоғам •
"Өз балам сияқты атақты болып кеткен жоқ": Гүлзира Айдарбекова келіні туралы жан сырын ақтарды
Гүлзира Айдарбекова мен Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova (Фото ЖИ арқылы өңделген)

Продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдукәрімованың шығармашылық жолына қалай қолдау көрсеткенін айтып берді. Оның сөзінше, бірнеше баланың анасы атанған Жұлдыздың өнердегі мүмкіндігін ашып, елге кеңінен танытуды көптен жоспарлаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Гүлзира Айдарбекова келінінің ұзақ уақыт бойы бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөлгенін, сондықтан шығармашылыққа бірден ден қоя алмағанын жеткізді.

"Менде Жұлдыздың жұлдызын жандырып, бір-ақ шығарсам деген арман болды. Ол бірінің артынан бірін босанды ғой. Бес баласы бар. Төрт баладан кейін енді етек-жеңін жинады ғой дедім. Оған дейін өзім де Қайраттан қолым босамады", – деді ол.

Продюсердің айтуынша, ол Жұлдыздың әкесіне де қызын өнер жолында қолдайтынын айтып, уәде берген. Кейін Қайрат Нұртас пен Жұлдызға арнайы дуэт жаздырып, екеуін Қазақстанның түрлі қаласындағы концерттер мен тойларға бірге шығарған.

"Біреудің қызы ғой деп, әкесінің туған күніне барған кезде уәде бердім. "Бұйырса, Жұлдыздың жұлдызын жағып шығарамын" дедім. Қайратпен екеуіне дуэт жазып, бүкіл Қазақстанды аралаттым. Тойларға да екеуіне дуэт жаздырдым", – деді Гүлзира Айдарбекова.

Алайда продюсердің сөзінше, әншілік бағыт Жұлдызды өзі күткендей деңгейде таныта қоймаған. Осыдан кейін ол келінінің кәсіби біліміне назар аударып, актерлік бағытта дамуына жағдай жасауды жөн көрген.

"Өз балам сияқты атақты болып кеткен жоқ. Содан жолын көп ойладым. Бір жыл жүгірдім. Оңай болған жоқ. Өзі актерлік мамандықты оқыған соң, актриса бола берсін деген шешімге келдім", – деді ол.

Гүлзира Айдарбекова кейін өзі түсірген фильмге Жұлдыз Әбдукәрімованы да қатыстырғанын айтты. Оның сөзінше, аталған туынды кейін Нью-Йоркте өткен байқауда Гран-при иеленген.

Гүлзира Айдарбекова кім?

Гүлзира Айдарбекова – қазақстандық продюсер, кәсіпкер және әнші Қайрат Нұртастың анасы. Ол көпшілікке ұлының өнер жолын қалыптастыруға атсалысқан продюсер ретінде кеңінен танылды.

Ашық деректерге сәйкес, Гүлзира Айдарбекова Түркістан өңірінде көпбалалы отбасында өскен. Мектепті аяқтағаннан кейін Түркістандағы тоқыма фабрикасында еңбек етіп, кейін Алматыдағы ауыл шаруашылығы институтында білім алған.

Ол Нұртас Айдарбековпен шаңырақ көтеріп, Қайрат, Аян және Заңғар есімді үш ұл тәрбиелеп өсірді. Қайрат Нұртас сахнаға алғаш қадам басқан кезден бастап анасы оның шығармашылық жұмыстарына белсенді араласып, продюсерлік қызметін атқарды.

2008 жылы Қайрат Нұртас пен Гүлзира Айдарбекова Kairat Nurtas Production продюсерлік орталығын құрды. Ол әншінің концерттерін ұйымдастыруға, шығармашылығын насихаттауға және шоу-бизнестегі имиджін қалыптастыруға үлес қосты.

Гүлзира Айдарбекова кино саласында да еңбек еткен. 2013 жылы Қайрат Нұртастың өмірі туралы "Өкініш" фильмінде көрініп, кейін "Арман" ("Когда ангелы спят") фильмінің продюсерлерінің бірі болды.

2025 жылы ол Қайрат Нұртастың продюсерлік тізгінін өзіне тапсыратын уақыт келгенін айтып, бұдан былай оның ресми продюсері болмайтынын мәлімдеді. Дегенмен ұлының шығармашылығына қолдау көрсетуді жалғастыратынын жеткізген.

Бүгінде Гүлзира Айдарбекова шоу-бизнес өкілі әрі кәсіпкер ретінде танымал. Ол әлеуметтік желіде отбасы, бала тәрбиесі, шығармашылық және жеке өміріне қатысты ой-пікірлерімен жиі бөліседі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу