freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Аспаннан түскен Қайрат Нұртас көрерменге алқасын сыйлады

Шоу-бизнес •
Аспаннан түскен Қайрат Нұртас көрерменге алқасын сыйлады
Фото-коллаж: malim.kz

Астанада Қайрат Нұртастың сахнадағы 20 жылдығына арналған концерті өтті. Көрермендер әншінің сахнаға шығуын күтіп тұрғанда, ол жоғарыдан түсіп, жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды Malim.kz.  

27 қыркүйекте "Астана Аренада" өткен кеш бір минут үнсіздіктен басталды. Жиналғандар Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаздарды еске алды. 24 қыркүйекте Каспий жағалауында болған қайғылы оқиғадан тоғыз әскери қызметшінің қаза тапқаны хабарланған еді. 

Одан кейін жұрттың назары сахнаға ауды. Көрермендер Қайрат Нұртасты сол жақтан күтті, бірақ әнші жоғарыдан түсіп, концертті әсерлі көрініспен ашты. Әрі қарай оның танымал әндері шырқалып, стадиондағы жұрт қосыла ән айтып, би биледі.

Кешке әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова, сондай-ақ жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімованың ата-анасы қатысты. Қонақ өнерпаздар қатарында Yenlik, Argonya, Kalifarniya және Asxa Prince болды.

Концерттің тағы бір сәті әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Көрермендердің бірі сахнадағы әншіге ақ сөмке лақтырып, көзілдірігін соған салып қайтаруын өтінген. Алайда Қайрат Нұртас сол кезде көзілдірік тақпағанын айтып, сөмкеге мойнындағы алқасын салып берген. Кейін өзін Yelnur деп таныстырған көрермен алқаны ұстап тұрған суретін жариялап, сыйлықтың өзіне тигенін көрсетті.
 

Tiktok скриншот

Әншінің жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова да концерттен видео жариялап, Қайрат Нұртасқа қолдау білдірді. Ол әншінің 20 жыл бойы сахнада өз қолтаңбасын қалыптастырғанын жазып, "Әлі оны ЛЕГЕНДА дейді. Халық айтса, қалып айтпас" деп пікір қалдырды.

Жұлдыз Әбдікәрімова "Астана Аренаға" жиналған көрермендердің ықыласына да тоқталып, әншінің осы махаббат пен қолдаудан айырылмауын тіледі.

Қайрат Нұртас кім?

Қайрат Нұртас – қазақстандық эстрада әншісі. Толық аты-жөні – Қайрат Нұртасұлы Айдарбеков. Ол 1989 жылы 25 ақпанда Түркістанда дүниеге келген. 2008 жылы Алматыдағы Республика сарайында алғашқы жеке концертін өткізген. Әнші Kairat Nurtas Production компаниясының негізін қалаған. 2026 жылы шығармашылық жолының 20 жылдығына арналған "Сахнада 20 жыл" концерттерін өткізіп жүр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу