Айдос Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.
Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – делінген жарлық мәтінінде.
Осыған дейін Қорғаныс министрі қызметін Дәурен Қосанов атқарған болатын. Ол Мемлекет басшысының Жарлығымен лауазымынан босатылды.